«Үздік ғылыми жоба-2022» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік ғылыми жоба-2022» атты республикалық ғылыми жобалар байқауының өтетіндігін хабарлаймыз! Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!

Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеті: 

  — Оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;

 — Педагогтердің  инновациялық әдістері мен шығармашылық  әлеуетін қалыптастыру;

Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

  1. Физика-математикалық (секциялар:физика,математика,информатика, экономика);
  2. Ғылыми-жаратылыстану (секциялар: биология, химия, адам денсаулығы, тб);
  3. Лингвистикалық (секциялар: әдебиеттану, тіл білімі);
  4. Гуманитарлық (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану).

            Ғылыми жобалар байқауына қатысу шарттары: Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол. Ғылыми жоба 10-15 беттен кем болмауы керек және қатысушының аты жөні, білім беру ұйымы, жетекшісі толық жазылуы тиіс.

Ғылыми жобалар байқауы екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтеді. Бірінші кезең бойынша байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Екінші кезеңге өткен жоба авторлары NUR-SULTAN қаласына шақырылады. Екінші кезеңге шақырылған жоба авторлары ғылыми жобаны секциялар бойынша қорғаудан сынға түседі. Екінші кезеңге келе алмаған жағдайда екінші кезеңнің шарттарын видеоролик түрінде жіберуге болады. Видеоролик көлемі 3-5 минуттан аспауы тиіс.  Екінші кезең нәтижесі бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар жетекшілерімен бірге марапатталады. Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып,  ғылыми жобамен бірге 2022 жылдың наурыз айының 25-не дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru  электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Байқаудың марапаттау рәсімі. «Үздік ғылыми жоба-2022» атты үздік ғылыми жобалар кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2022 жылы NUR-SULTAN  қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік ғылыми жоба-2022»  байқауының жеңімпаздары шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан «Үздік ғылыми жоба-2022»  атты төсбелгі, «Үздік ғылыми жоба-2022»  атты байқауға қатысушылардың ғылыми жобалары енгізілген жинақ кітабы, І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом табысталады. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz,   Инстаграм парақшасы: bilim_orkenietі, facebook: Білім өркениеті    Жоба туралы анықтама тел.: 8747-628-80-54, 8775 452 03 98

                                             СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні,  жетекшісі, лауазымы Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы Байқау атауы
Телефоны, ұялы, е-mail, Автордың 3х4 фотосы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз