ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ

«Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты республикалық                                                         байқауына қатысуға шақырамыз!

ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы» атты республикалық байқауға барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлікпен, бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

Білім және ғылым саласының мамандары.

Медицина саласының мамандары.

Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары.

Кәсіпкерлер.

Қоғам қайраткерлері.

Дарынды жастар.

Ауыл-шаруашылық мамандары.

Ақпарат саласының мамандары.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады,бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен

(14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (3-жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.:Алынған алғыс хат,сертификат, диплом және т.б.)қоса тіркелуі тиіс.Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар Ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасы бойынша 2021 жылдың қазан айының 25-дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары иеленеді: «Қазақстан республикасы құрметті азаматтарының» энциклопедиясы, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» ордені, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.

 Байқаудың марапаттау рәсімі: Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі,

14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедиямен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenieti

Ұйымдастыру алқасы: 8747-628-8054, 8702-986-6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

 

Қатысушының аты-жөні,лауазымы
Облыс,аудан,қала,село(ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы «Қазақстанның құрметті азаматы»
Телефон,ұялы,e-mail
Сапалы 3×4 фотосы
Тұрғылықты мекен-жайы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз