«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ- ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫН, СТУДЕНТТЕРІН ШАҚЫРАМЫЗ!

0
587

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, №5- 18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» атты республикалық ғылыми-жобалар байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Ғылыми жобалар байқауының мақсаты мен міндеті:
— оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
— педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқаудың шарты:
1-7 сынып оқушылары «Зерде» номинациясы бойынша, төмендегі секциялардың бірін таңдап, өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет.
8-11 сынып оқушылары, студенттер «Дарын» номинациясы бойынша төмендегі секциялардың бірін таңдап өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет.
Ғылыми жобалар төмендегі секциялар бойынша қабылданады:
1- секция: — қазақ тілі мен әдебиеті;
2- секция: — орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі;
3- секция: — тарих, өлкетану, этномәдениеттану, құқық:
4- секция: — физика-техника;
5- секция: — математика-информатика; 6-секция: — химия-биология;
7-секция: — медицина-психология; 8-секция: — экология-валеология; 9-секция: — робототехника;
Ғылыми жоба тақырыбын таңдау автордың өз еркінде!
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында
«Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол. Ғылыми жоба 15 беттен артық болмауы қажет және оқушының аты жөні, облысы мектебі, сыныбы, жетекшісі толық жазылуы тиіс.
Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтеді. Бірінші кезең бойынша байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Бірінші кезең бойынша барлық ғылыми жобалар іріктеліп, екінші кезеңге өткен жоба авторлары Нұр-Сұлтан қаласына шақырылады немесе Zoom-платформасы арқылы ғылыми жұмыстарын қорғайды: Zoom платформасы арқылы қорғалған жағдайда арнайы бекітілген қатаң талаптар сақталуы тиіс!
Талаптар қосымша ақпарат ретінде қатысушыларға жолданады. Екінші кезең нәтижесі бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар жетекшілерімен бірге марапатталады. Байқау қатысушыларына «Үздік ғылыми жоба авторы» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы жеңімпаз педагогтарға «Үздік ғылыми жоба авторы» атты төсбелгі және білім алушыларға «Үздік жас ғалым» атты төсбелгішесі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі.
Байқау қатысушылары төмендегі өтініш кестесін толтырып, ғылыми жобамен бірге 2021 жылдың қараша айының 15-не дейін uzdik-zhoba2020@mail.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Байқаудың марапаттау рәсімі: 2021 жылдың желтоқсан айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер Үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді деп жоспарлануда. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан
«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» төсбелгісі, «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» атты
кітабы табысталады. Кітапқа екінші кезеңге өткен қатысушылардың барлық ғылыми жобалары енгізіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety
Ұйымдастырушылар алқасы: 8 747 343 68 01; 8 778 742 74 40

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы,

Тұрғылықты мекен-жай:

Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото (қатысушының

және жетекшісінің)

Жергілікті казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз