Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың дарынды жастарының арасында байланыс орнату және оқушылардың ғылыми әлеуетін күшейту инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау қатысушылары: Білім беру ұйымдарының педагогтері оқушыларымен бірге қатыса алады.

Байқауға қатысушылары марапатталады: «ҚР 100 ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» атты кітап жинаққа оқушының жұмысы енгізіледі. Жұмысының сапасына байланысты І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом иеленеді.

«ҚР ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ» атты төсбелгішемен марапатталады, төсбелгішені куәландыратын куәлік беріледі. Оқушының жетекші-ұстазына, ата-анасына Алғыс хат беріледі.

Байқаудың шарттары: Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап 2 беттен аспайтын эссе жазып zhas_daryn2020@mail.ru почтасына жіберуі қажет. Сондай-ақ оқушы білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, үздік аттестат т.б) және білім алу барысында ұстаздарымен, сыныптастарымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5,6 шт). Жұмыстар қараша айының 05 дейін қабылданады.

1-5 сынып оқушылары (төмеңгі буын) 6-11 жас аралығы.
  • «Менің ардақты-Ұстазым» — оқушы бұл тақырып бойынша өзінің ұстазына деген сүйіспеншілігін құрметін білдіре отырып эссе жазуы қажет.
  • «Мен болашақта кім болам?» — бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен бірге, өзінің болашақтағы арманы сүйікті мамандығы жайында жазуы қажет.
  • «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Қазақстанның тұңғыш президенті» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен бірге, еліміздің тұңғыш президентінің ерен еңбектері жайында жазуы қажет.
  • «Менің туған жерімнің тарихы» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен бірге, өзінің туған жерінің тарихы жайында немесе сол өңірден шыққан белгілі тұлға жайында жазуы қажет.
  • «Салт-дәстүр — ұлтымыздың рухани байлығы» бұл тақырып бойынша оқушы жетекшісімен Қазақ қоғамындағы салт-дәстүрдің бірін таңдап жазуы қажет.
6-11 сынып оқушылары (Жоғары буын) 12-17 жас аралығы.
  • «Абай Құнанбайұлы Қазақтың біртуар Ұлы ақыны» — атты тақырып.
  • «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» — атты тақырып.
  • «Тәуелсіздік алтын тұғырымыз» — атты тақырып.
  • «Менің болашақ мамандығым» — атты тақырып.
  • «Рухани жаңғыру-ұлт болашағының жарқын кепілі» — атты тақырып.
  • «Елордасы Нұр-Сұлтан қаласы-Қазақстанның жүрегі» — атты тақырып.

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан  өлшемі 20 мм.

Марапаттау рәсімі өтетін орыны, уақыты:

ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы 010000, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында өтеді. 2020 жылдың қараша айында!

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз