«БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ»
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Құрметті педагогтер және дарынды жастар!
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты республикалық эссе байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Эссе байқауының мақсаты мен міндеті:
— педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
— оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту;
Байқауға республика көлеміндегі колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең сырттай өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар төменде көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап эссе жазып, ережеде көрсетліген эл.поштаға жолдауы тиіс. Екінші кезең NUR-SULTAN қаласында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орнын, уақытын бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезең бойынша оқушылар өздері жазған эссе бойынша сұрақтарға жауап береді.
Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:
1.«Талаптан да өнер мен білім үйрен..»;
2.«Ұлым дейтін ел болмаса…»;
3. «Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу».
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол. Эссе 2 беттен кем болмауы керек және оқушының аты жөні, облысы мектебі, сыныбы, жетекшісі толық жазылуы тиіс.
Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, эссемен бірге 2020 жылдың қазан айының 15-не дейін elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау: Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға диплом беріледі сонымен қатар үздік эсселер кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хат беріледі. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылдың қазан-қараша айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсімінің қорытынды кезеңінде елімізге белгілі тұлғалардың қолынан «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» атты дипломдар табысталады. Байқауының үздік эсселері жинақ кітапқа енгізіледі. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Facebook парақшасы: Білім Өркениеті.
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8775 450 73 15, 8705 295 03 98
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының аты-жөні, жетекшісі аты-жөні, лауазымы,
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы, секциясы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз