Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Ұлы дала даналары» атты республикалық Батырлар жырын жатқа айту байқауының ережесі                                                          

Құрметті педагогтар және дарынды жастар!

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 555 жылдығына орай «Ұлы дала даналары» атты республикалық Батырлар жырын жатқа айту байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты мен міндеті:  

   -Тәуелсіздік жолына өмірлерін арнаған бабалар ерлігін өскелең ұрпақтың бойына сіңіру;

  — педагогтардың  инновациялық әдістері мен шығармашылық  әлеуетін қалыптастыру;        

  — оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту;

Байқауға республика көлеміндегі колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең сырттай өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар төменде көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап эссе жазып, ережеде көрсетліген эл.поштаға жолдауы тиіс.

Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

 1.«Ұлы даланың ұлы есімдері»;  

2.«Ел үмітін ер ақтар»;  

3. «Батыр туса ел ырысы».

Екінші кезең NUR-SULTAN қаласында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орны, уақыты бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезеңге өткен оқушылар Батырлар жырын (Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар тб батырлар жыры) мәнерлеп жатқа айтудан сынға түседі. Әр оқушыға орындауға 3-4 минут уақыт беріледі.

Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып,  эссемен бірге 2020 жылдың тамыз айының 27-не дейін elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау: Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға дипломдар беріледі сонымен қатар үздік эсселер кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хаттар беріледі.  Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылдың шілде-тамыз айында NUR-SULTAN қаласында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Байқаудың үздік эсселері жинақ кітапқа енгізіледі.   Ұйымдастыру алқасының сайты: http://biork.kz/, Facebook парақшасы: Білім Өркениеті.

 Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8775 450 73 15, 8705 295 03 98     

 

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні,  жетекшісі аты-жөні, лауазымы,
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы, секциясы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз