«МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР»

0
762

«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛЕТІН «МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ПЕДАГОГТЕР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Байқаудың мақсаты: Ұлы Отан соғысының халық жадына салған жарасы мен Ұлы Жеңістің маңыздылығын насихаттап, жас ұрпақтың санасында отансүйгіштік пен ардагер батырларымызға деген құрмет пен тағзымды арттыру.

Ұлы Отан соғысына қатысып, тарихта елеусіз қалған көптеген ата-бабаларымыз бар, соларды ұрпақ санасына қайта жаңғырту мақсатында өткізіліп отырған бұл байқауға әр адам ат салысуы қажет.

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау қатысушылары: ЖОО-ның педагогтары, колледж оқытушылары, мектеп мұғалімдері және білім алушылар қатыса алады. Сонымен қоса барлық саладан қатысып, өз ата-бабасының құрметін асқақтай түсу қажет деген ойдамыз.

Ұлы жеңіс күніне орай «МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР» атты республикалық байқау, соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен, елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған — туысқандарына, жақын — жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлердің ерлігін насихаттау; Соғысқа бармай, жергілікті халыққа қызмет жасап, сондай қиын-қыстау сәтте демеу көрсеткен тұлғалардың өмірін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған байқау болып табылады.

Осы байқаудың негізінде басылып шығарылатын кітап-жинақтын ішінде, көптеген тарихта аталмай жүрген, Ұлы ерлік таңытқан апа-аталарымызбен танысатың боламыз.

Байқаудың шарттары:

Байқауға қатысушы, «МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР» атты 3 беттен аспайтын эссе жазып, (кітапқа майдангер атасының, әжесінің т.б. ендіретін суреттерін) және де өзі жайында жазылған мәліметтерді төмендегі кесте үлгісі бойынша толтырып, байқау материалдарымен бірге 2021 жылдың ақпан айының 25-не дейін uzdik2019@mail.ru электрондық почтасына жолдауы тиіс.

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 3 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

Марапаттау рәсімі өтетін орыны, уақыты:

ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы 010000, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында өтеді.

Қорытынды конференцияның марапаттау рәсімінде елімізге белгілі тұлғалардың қолынан, жеңімпаз атанған қатысушылар, өздерінің шығармалары еңгізілген «МЕНІҢ АТАМ МАЙДАНГЕР» атты түрлі-түсті кітап — жинақпен марапатталады, Жұмысының сапасына байланысты білім алушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом иеленеді, Оқушының жетекші-ұстазына, ата-анасына Алғыс хат беріледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: biork.kz.

Инстаграм парақшамыз: bilim_orkeniety.

Барлық сұрақтарды анықтама телефондары арқылы қоя аласыздар:

8-702-542-33-05; 8-778-742-74-40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Оқушының тегі, аты-жөні
Ата-анасының аты-жөні
Жетекшісінің аты-жөні
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы

Тұрғылықты мекен-жай

Білім беру мекеменің атауы
Телефоны, ұялы, е-mail
3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз