«ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ-ҮЗДІК КӨШБАСШЫ -2021» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
2294

ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ, МАГИСТРАНТТАР, ДОКТОРАНТТАР, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ

            «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз».                                        Қасым-Жомарт Тоқаев

 

«BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ-ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-2021» атты республикалық байқауға шақырамыз!

Гран-при: Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков премиясы, яғни ақшалай сертификат табысталады.

Байқаудың мақсаты:

  • Республиканың белсенді жастарының арасында байланыс орнату.
  • Патриоттық сезім ұялата отырып, Тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту.
  • Жастардың көшбасшылық қабілеттерін арттыру!

Байқаудың міндеті:

  • Қазақстан Республикасы бойынша белсенді жастарды анықтау, марапаттау және қолдау көрсету:

Байқаудың шарты:

«ҚР Жастар саясатына қосып жүрген үлесім» немесе «Студенттік өмірде менің жеткен жетістіктерім» атты тақырыптарының бірін таңдап 2 беттен аспайтын эссе жазуы қажет. Қатысушы өзінің жеткен жетістіктерін растайтын құжаттарды эл.папкаға салып жіберу қажет (диплом, сертификат, алғыс хат, куәлік т.б.). Bilim_orkeniety@mail.ru электронды мекен-жайына 16-шы қазанға дейін жолдауы тиіс.

Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады!

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

«ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ — ҮЗДІК КӨШБАСШЫ-2021» НАГРАДАСЫН ҰСЫНУҒА АРНАЙЫ КОМИССИЯ ҚҰРЫЛЫП ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. НАГРАДА ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖІБЕРГЕН ЖАСТАРҒА, ҮЗДІКТЕРГЕ БЕРІЛЕДІ.

Байқау жеңімпаздары сондай-ақ төмендегі марапаттарды иеленеді!           

  • Түрлі-түсті «ҚР Жастар саясатына үлес қосып жүрген қоғам белсенділері» атты кітап жинақ;
  • Үздік деп танылған жастарға «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ» төсбелгісі және төсбелгіні куәлендіретін куәлік;
  • Республикалық дәрежедегі І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
  • Қатысушының жетекшілері мен ата-аналарына электронды Алғыс хат беріледі.
  • «ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ» атты Қызыл диплом беріледі.

Сұратылған ақпараттар Bilim_orkeniety@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz.

Жоба туралы қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

8-747-702-52-62; 8-707-142-74-40; 8 (7172) 44 34 50.

 Өтініш кестесі эссемен бірге жіберілуі қажет!

Қатысушының аты-жөні  
Оқу орнының атауы, мекен-жайы:  
Облыс,  қала, аудан, село (ауыл), көше атауы:

Тұрғылықты мекен-жайы:

 
Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана).  
Телефон номері және эл.почтасы:  
Жетекшісінің аты-жөні  
Ата-анасының аты-жөні:  
Жергілікті казпочтаның индексі:  

 

Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда, көрсетілген мекен-жай бойынша жинақ, төсбелгі, грамота жіберілетін болады).

Байқаудың марапаттау рәсімі: 2021 жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтедідеп жоспарланған. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан марапаттар табыс етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз