«ҚР ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫНЫҢ АЛТЫН КІТАБЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

0
2426

Қазақстан Республикасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫНЫҢ АЛТЫН КІТАБЫ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

  • Білім және ғылым саласының мамандары;
  • ҚР Маслихат депутаттары;
  • Медицина саласының мамандары;
  • Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
  • Әдебиет- көркем өнер саласының мамандары;
  • Кәсіпкерлер; Есепшілер;
  • Қоғам қайраткерлері;
  • Ауыл-шаруашылық мамандары;
  • Энергетика саласының мамандары;
  • Ақпарат саласының мамандары;
  • Заң саласының қызметкерлері;
  • Әскери қызметкерлер;
  • Экономистер;
  • Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
  • Әлеуметтік қызметкерлер; Дарынды жастар;
  • Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
  • Мемлекеттік қызметкерлер;

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен  артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар astana-20s@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың  ақпан айының 1-не дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары арнайы тағайындалған ҚР Еңбек озаттарының алтын төсбелгісі, ҚР Еңбек озаттарының алтын кітабы, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-20s@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Қызмет орнының атауы, лауазымы  
Мамандығы, сала атауы  
Байқау атауы «ҚР ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫНЫҢ АЛТЫН КІТАБЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз