ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
203

ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ!

«Bilim-orkenieti»  ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының»   ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Халықаралық «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты талантты студенттердің кітап жинағының шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Халықаралық байқауға құжаттар   қаңтар айының 30-на дейін қабылданады.

Құжаттар:

  • Ғылым саласында,
  • Өнер саласында,
  • Спорт саласында,
  • Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Кітап жинаққа ЖОО және колледж студенттері арасынан «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық, республикалық және аймақтық олимпиадалардың, жобалардың, конференциялардың, орындаушылық байқаулардың жүлдегерлері; қоғамдық жастар қозғалыстарының көшбасшылары мен белсенділері; ҚР ұлттық құрамасының мүшелері, олимпиадалардың, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері енгізіледі.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Байқау қатысушыларына «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты халықаралық үздік жастардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом беріледі. Студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат беріледі.

Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясын,  автобиографиясын растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.), 3х4 форматтағы сапалы суреті (1 дана) және студенттік өмірде түскен 4-5 дана фотосуреттерін (JPEG форматта) 2022 жылдың 30-шы қаңтарына дейін дейін  best_student_2022@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. 1 курс студенттеріне мектеп қабырғасындағы, яғни 9-11 сынып кезіндегі жеткен жетістіктерін енгізсе болады. Байқауға құжаттар қазақ, орыс, ағылшын, армян, грузин, татар,  әзірбайжан, өзбек, тәжік, қырғыз, молдаван, түркімен, беларусь, украин тілдерінің бірінде қабылданады.

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген көшбасшы студенттер шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған студенттердің жеке почталарына жіберілетін болады. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі табысталады және кофе-брейк қарастырылған.

Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда, көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төсбелгі, грамота жіберілетін болады).

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz.

            Жоба туралы қосымша ақпаратты көрсетілген

телефондар арқылы ала аласыздар: 8 747 702 52 62; 8 707 142 74 40

Өтініш кестесі өмірбаянмен бірге жіберілуі қажет!

Қатысушының аты-жөні  
Қала атауы, оқу орнының атауы:  
Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана)  
Телефон номері және эл.почтасы:  
Жетекшісінің аты-жөні  
Казпочтамен қай мекен жайға жіберу қажет?  

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз