«ҮЗДІК АШЫҚ САБАҚ-2020» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТEР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 03.03.2020 ж., № 843-5-1666/11-4 хаты негізінде «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің мұғалімдері мен оқытушыларын қолдау мақсатында қолға алынған «Үздік ашық сабақ-2020» атты байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қосымша білім беру педагогтері мен балабақша педагогтері қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқау қатысушыларына «Үздік ашық сабақ-2020» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ҚР Білім беру саласының үздігі» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі.
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 3 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 4/3 форматтағы сапалы суретін және жаңартылған бағдарламадағы бір ашық сабақ жіберуі қажет (сабақ барысында түсірілген фото-сурет JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс). 2020 жылдың қазан айының 29-на дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды поштаға жіберілуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласына ҚР Министрліктері Үйіне қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ кітабы, төсбелгі, куәлік, диплом жіберілетін болады).
Педагогтердің үздік сабақ жоспарлары енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2020 жылдың қараша айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер Үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық жинаққа енген «Үздік ашық сабақ-2020» байқауының педагогтері шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі, «Үздік ашық сабақ-2020» жинақ кітабы табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8747-628-80-54, 8775-452-03-98

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз