«Жаңашыл педагог-2022» республикалық байқауын өткізудің Ережесі

0
58

Жалпы ереже

“Жаңашыл педагог” байқауы (бұдан әрі — Байқау) – білім беру саласында жұмыс істейтін, кәсіби шеберлігі жоғары педагогтерді қолдауға және олардың озық тәжірибесін таратуға бағытталған республикалық деңгейдегі байқау.

Байқаудың ұйымдастырушысы «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «BILIM-ÒRKENIETI» ҰИҒЗО) болып табылады.

Байқаудың мақсаты:
Білім беру жүйесінде тың идеяларды ұсынып, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білетін шығармашыл педагогтерді қолдау. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби дамуына жол ашу, озық тәжірибені тарату, жаңашыл бастамаларды ортаға салып, қоғамдағы ұстаз мәртебесін арттыру.

Байқаудың міндеттері:
Бұл байқау педагогтердің жаңашыл әдістері мен тәжірибелік ізденістерін насихаттап, кәсіби шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұғалімдер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға, ғылым мен практиканы тоғыстыра отырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған.

Қатысушылар: барлық бiлiм беру ұйымдарының  педагогтері, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер қатыса алады. Яғни, әртүрлі жастағы қатысушылар қамтылады.

Республикалық байқау үш кезеңнен тұрады:
— Бірінші кезең: Республика көлемінде іріктеу онлайн өтеді. Яғни, іріктеу кезеңінде педагогтердің ұсынылатын жұмыстары электронды нұсқада қабылданады.

Бірінші кезең бойынша қатысушы келесі құжаттарды осы электронды почтаға uzdik2019@mail.ru жіберуі тиіс (3 жыл бұрын ұсынылған жобалар байқауға қатыстырылмайды):

 І. Байқауға қатысу өтінімі:

Қатысушының толық аты-жөні:
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы:
Білім беру ұйымы, лауазымы:
Педагогикалық жұмыс өтілі:
Педагогтың сабақ беретін пән атауы:
Байланыс телефоны:
Электронды пошта (E-mail)


ІІ. Қатысушылар көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап, WORD форматында жаңартылған бағытта өткізген немесе өткізгелі жатқан ашық сабағын жіберуі тиіс.

Ұсынылатын тақырыптар:
   — “Дарынды және талантты балаларды оқыту”.

   — “Қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары”.
   — “Креативті жазуға үйретудің авторлық әдісі”.
   — “STEAM технологиясын бастауыш сыныпқа бейімдеу тәжірибем”.
   — “Инклюзивті ортада критериалды бағалауды қолдану әдістемесі”.
   — “Оқушының оқу үдерісіне белсенді қатысуын арттыру тәсілі”.

Ашық сабақты жазу үлгісі:
1. Жалпы мәліметтер:

   Мұғалімнің аты-жөні: ____________________________
   Лауазымы: ____________________________
   Пәні: __________________________________________
   Сабақтың тақырыбы: ____________________________
   Сабақтың түрі: __________________________________
   Өткізу күні: ____________________________________
2. Сабақтың барысы.
3. Қолданылатын ресурстар мен педагогикалық әдістер.
4. Сабақтың кезеңдері мен құрылымы.

ІІІ. Соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін жіберу керек (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.).

Екінші кезең: Республика көлемінде бірінші кезең бойынша іріктелініп алынған педагогтер таңдап алған тақырып бойынша презентацияларын прокторинг арқылы қорғайтын болады.

Екінші кезең бойынша таңдап алған тақырып бейнебайланыс арқылы прокторингпен бақыланады.

Мақсаты: Қатысушының өз авторлық әдісін, жаңашыл шешімін немесе оқытудағы ерекше тәжірибесін кәсіби тұрғыда таныстыруы.
Тапсырма сипаттамасы: Қатысушы Zoom платформасында 15 минут ішінде ашық сабағын қорғауы керек.
Құрылымы төмендегідей болуы тиіс:
І. Кіріспе – өзіңіз және тақырып туралы қысқаша ақпарат (2 минут).
ІІ. Негізгі бөлім – әдіс/тәсіл/технологияны тәжірибеде көрсету (10 минут).
ІІІ. Қорытынды және сұрақтарға жауап (3 минут).

Үшінші кезең: Жеңімпаздар марапаттау рәсіміне Астана қаласына шақырылады.

Қорытындылау және марапаттау:
Марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді.
— Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен, алғысхаттармен, сертификаттармен және серіктестер тарапынан сыйлықтармен марапатталады. Барлық құжаттарда QR-код болады.
— Жүлделі орын алған женімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, жұмыстары практикаға енгізуге ұсынылады.

 


Ұйымдастыру алқасының сайты: http:// bilim-ork.kz /

Инстаграм парақшасы:bilim_orkeniety

Өтінім кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз