ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

0
1278

Мемлекеттік қызметкерлерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндеттер жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуы қажет.

Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі.  Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талапқа сай болуы қажет.

«Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны, жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайту.

Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті

 

ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» атты республикалық патриоттық байқауына ауыл әкімдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға түсіндіру. Мемлекеттік қызметте кәсіби іскерлік танытып, елдік істерде шашау шығармай лайықты қызмет атқарып жүрген ауыл әкімдерінің еңбектерін қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

Қазақстан Республикасында ауыл, кент, ауылдық округінде әкім болып қызмет жасайтын азамат (ша) қатыса алады.

Байқаудың шарттары: Байқау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен  артық емес автобиографиясын жолдауы қажет. Сондай-ақ ауыл әкімі өзі басшылық жасап отырған ауылдың тарихы жайында эссе жазуы керек, 2 бет көлемінде.

Бұл жолданған ақпараттар «ҚР ең үздік ауыл әкімі» атты республикалық энциклопедияға енгізіледі.

Сондықтан автобиографияға, эссеге қойылатын талаптарға баса назар аударыңыз!

Автобиография қатысушының өз шығармашылығына байланысты көркемделіп 3-ші жақта жазылуы қажет. (яғни Набиев Саят Талғатұлы деп)

Автобиографиямен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар astana-2022kz@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың ақпан айының 20-на дейін  қабылданады. Шрифт Times New Roman,  кегл — 14, интервал-бір;

Байқау жеңімпаздары Астана қаласына шақырылып, министрліктер үйінде төменде көрсетілген марапаттарды иеленеді:

  • «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» энциклопедиясына автобиографиялары мен ауыл тарихы енгізіледі.
  • «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ӘКІМІ» атты арнайы тағайындалған төсбелгісі, төсбелгіні куәландыратын куәлік табысталады.

Республикалық байқауға қатысқан ауыл әкімі Құрмет грамотасы және дәрежелі дипломмен марапатталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Наурыз айында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген үздік ауыл әкімдері шақырылады. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі мен энциклопедия табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-2022kz@mail.ru  

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8 747-702-52-62, 8 778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Байқау атауы «ҚР ең үздік ауыл әкімі»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз