«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
178

ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ!

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан Халықаралық
«ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты талантты студенттердің байқауына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
Халықаралық байқауға құжаттар қыркүйек айының 30-на дейін қабылданады.

Құжаттар:
-Ғылым саласында,
-Өнер саласында,
-Спорт саласында,
-Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары (Студенттік ұйымдар төрағалары мен белсенділері) жетістікке жеткен студенттерден қабылданады.

Байқау қатысушыларына табысталады:
•Арнайы тағайындалған «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты төсбелгісі,
•Куәлік,
•І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом
•ҚР Тұңғыш Президент орталығынан Сыйлық-кітап.
•Студенттердің жетекшілеріне электронды Алғыс хат
Сонымен-қатар Астана қаласының мәдени орталықтарына студенттер экскурсия жасайды.

Байқауға қатысу шарттары:
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясын, автобиографиясын растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.), 3х4 форматтағы сапалы суреті (1 дана) және студенттік өмірде түскен 4-5 дана фотосуреттерін (JPEG форматта) 2023 жылдың қыркүек айының 30-на дейін дейін best_student_2022@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. 1 курс студенттеріне мектеп қабырғасындағы, яғни 9-11 сынып кезіндегі жеткен жетістіктерін енгізсе болады. Байқауға құжаттар қазақ, орыс, ағылшын, армян, грузин, татар, әзірбайжан, өзбек, тәжік, қырғыз, молдаван, түркімен, беларусь, украин тілдерінің бірінде қабылданады.

Байқаудың марапаттау рәсімі 2023 жылы Астана қаласында, Министрліктер үйінде, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық үздік көшбасшы студенттер шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған студенттердің жеке почталарына жіберілетін болады. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі табысталады. Сондай-ақ, Астана қаласының мәдени орталықтарына студенттер экскурсия жасайды.

Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда, көрсетілген мекен-жайы бойынша төсбелгі, грамота, сыйлық-кітап жіберілетін болады).

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/
Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz.
Жоба туралы қосымша ақпаратты көрсетілген
телефондар арқылы ала аласыздар:
8 708 175 4973; 8 747 702 52 62; 8 778 742 74 40

Өтініш кестесі өмірбаянмен бірге жіберілуі қажет!

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Оқу-орны атауы  
Байқау атауы   «ТМД-НЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Жергілікті казпочтаның индекс номері  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз