«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» АТТЫ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауына барлық сала мамандарын қатысуға шақырамыз!
Байқау мақсаты:
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған басымдықтарды қоғамға кеңінен насихаттау; Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау;

Республикалық байқауға қатысушылар:

Білім және ғылым саласының мамандары;
Медицина саласының мамандары;
Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
Кәсіпкерлер;
Қоғам қайраткерлері;
Дарынды жастар;
Ауыл-шаруашылық мамандары;
Ақпарат саласының мамандары;
Заң саласының қызметкерлері;
Есепшілер;
Құрылыс саласының мамандары;
Әскери қызметкерлер;
Мемлекеттік қызметкерлер;

Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2022 жылдың тамыз айының 29-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздары иеленеді: «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының атынан «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» энциклопедиясы, «Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» төсбелгісі, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі: Нұр-Сұлтан қаласында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған
қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz,
Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Инстаграм парақшасы: @bilim_orkenietі
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген
телефондар арқылы ала аласыздар:
WhatsApp: 8702-986-64-05, 8747-628-80-54, 8775-452-03-98

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз