«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
8322

Мемлекеттік қызметкерлерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндеттер жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуы қажет. Мемлекеттік қызметкер– биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі.  Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды.

«Біздің мақсатымыз – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу», деп атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІКМЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Bilim-orkenieti» орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты республикалық патриоттық байқауына мемлекеттік қызметкерлерді қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары еліміздің саяси және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлерді қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен  артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Құжаттар astana-20n@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың тамыз айының 28-не дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:

  • Арнайы тағайындалған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ» атты төсбелгісі;
  • Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік;
  • Құрмет грамотасы;
  • «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ» атты энциклопедиясына жеңімпаздардың өмірбаяндары енгізіледі;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені   үшін  мекеме басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-20n@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8 778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Байқау атауы     «ҚР ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жай, жергілікті казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз