«BILIM-ÓRKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТЕТІН «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

0
2341

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен №5-18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқауға Республика көлеміндегі білім беру ұйымдарының педагогтары қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқау қатысушыларына «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» төсбелгісімен марапатталып, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом, педагогке қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысына Алғыс хат беріледі.
Байқау шарты:
1. Педагог өзінің ПОРТФОЛИОСЫН (электронды презентация түрінде).
2. Өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаян.
3. Өткізген ашық сабақтарының бірін жіберуі қажет (педагогтың 3\4 форматтағы немесе сапалы жеке 1 фото суретін және сабақ беру барысында түсірілген фото-суреттері (4 немесе 5) JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс) 2022 жылдың қаңтар айының 30-на дейін bilim_orkeniety@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдің бірінде жіберілуі керек. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша кітап, төсбелгі, куәлік, диплом жіберілетін болады).
Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтар» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған мұғалімдеріге жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және кофе-брейк қарастырылған.
Ұйымдастыру алқасының сайты http:// bilim-ork.kz /
Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety

Ұйымдастырушылар алқасы: 8747-702-52-62, 8778-742-74-40. bilim_orkeniety@mail.ru

Өтініш кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

­Қатысушының аты-жөні:  
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы:

Тұрғылықты мекен-жайы:

 
Білім беру мекемесінің атауы:  
3-4 фото суреті:  
Телефон номері, және эл.почтасы:  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз