«BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

0
3036

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атты республикалық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқауға қатысушылар:

  • Білім және ғылым саласының мамандары;
  • Медицина саласының мамандары;
  • Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
  • Кәсіпкерлер;
  • Қоғам қайраткерлері;
  • Дарынды жастар;
  • Ауыл-шаруашылық мамандары;
  • Ақпарат саласының мамандары;
  • Заң саласының қызметкерлері;
  • Әскери қызметкерлер

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын (3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар astanaa_2022@mail.ru электронды почтасына 2022 жылдың наурыз айының 31-не дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының атынан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

қызметкерлерінің» энциклопедиясы, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі,  куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі,

14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.

 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astanaa_2022@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8778-742-74-40, 8778-629-80-35

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Қызмет орны атауы, лауазымы  
Байқау атауы «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Жергілікті казпочтаның индекс номері  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз