BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҰСТАЗДАР МЕЙРАМЫНА ОРАЙ ӨТЕТІН «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТАРЫН ШАҚЫРАМЫЗ!

0
396

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен  №5-18-2/482-И 09.02.2021 ж. хаты негізінде «Вilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың педагогтары арасында байланыс орнату және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!

Байқауға қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері және ЖОО мен колледж оқытушылары бауқауға қатысу мүмкіндігіне ие!

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау талаптары: Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған  2 беттен артық емес өмірбаяны, (14 кегл, Times New Roman), (өмірбаянды растайтын құжат көшірмелері мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б. қоса тіркелуі тиіс), (педагогтың 3\4 форматтағы немесе сапалы жеке 1 фотосуретін және  жұмыс барысындағы түсірілген фотосуреттері (4-5 дана) JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс) 2021 жылдың қазан айының 25-не дейін elordabilim@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы қажет. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төсбелгі, грамота жіберілетін болады).

Байқауға қатысушылар иеленеді:

«ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» республикалық педагогтардың өмірбаяны енгізілген түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі және педагогқа қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2021 жылдың қараша айында  Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтар» шақырылады. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты:  http://bilim-ork.kz/

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety

Ұйымдастырушылар алқасы: 8 747-702-52-62;  8 778 742 74 40

 

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы «ҮЗДІК ПЕДАГОГ-2021»
Телефон, ұялы, е-mail.ru  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Жергілікті казпочтаның индекс номері  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз