Байқаудың мақсаты мен міндеті: — оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту; жасөспірімдерді патриоттық тәрбиемен сусындатып, оларды Егемен еліміздің ертеңгі тұтқасы болуға дайындау болып табылады. — педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау қатысушылары: Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, білім алушылар қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқаудың шарттары:

1-7 сынып оқушылары «Зерде» номинациясы бойынша, төмендегі секциялардың бірін таңдап өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет.

Ғылыми жоба тақырыбын таңдау автордың өз еркінде!

8-11 сынып оқушылары «Дарын» номинациясы бойынша төмендегі секциялардың бірін таңдап өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет. Ғылыми жобалар төмендегі секциялар бойынша қабылданады:

1- секция: — қазақ тілі мен әдебиеті

2- секция: — орыс тілі мен әдебиеті;

3- секция: — шет тілі;

4- секция: — тарих, өлкетану, этномәдениеттану, құқық:

5- секция: — физика-техника;

6- секция: — математика-информатика;

7- секция: — химия-биология;

8- секция: — медицина-психология;

9- секция: — экология-валеология; география:

10- секция: — робототехника;

Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол. Ғылыми жоба 15 беттен артық болмауы қажет және оқушының аты жөні, облысы мектебі, сыныбы, жетекшісі толық жазылуы тиіс.

Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтеді. Бірінші кезең бойынша байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Бірінші кезең бойынша барлық ғылыми жобалар іріктеліп, екінші кезеңге өткен жоба авторлары Нұр-Сұлтан қаласына шақырылады немесе Zoom-платформасы арқылы ғылыми жұмыстарын қорғайды: Zoom- платформасы арқылы қорғалған жағдайда арнайы бекітілген қатаң талаптар сақталуы тиіс!

Талаптар қосымша ақпарат ретінде қатысушыларға жолданады. Екінші кезең нәтижесі бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар жетекшілерімен бірге марапатталады.

Байқауға қатысушылар иеленеді:

БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ Білім және ғылым министрлігі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына жазғы демалысқа жолдама иеленеді.

Сонымен қоса байқауға қатысқан үздік жоба авторларының жұмыстары «ДАРЫНДЫ ЖАС ҒАЛЫМ – 2021» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, «ДАРЫНДЫ ЖАС ҒАЛЫМ – 2021» атты төсбелгішемен марапатталады, төсбелгішені куәландыратын куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі. Оқушының жетекші-ұстазына, Атан-анасына электронды Алғыс хат беріледі.

Байқау қатысушылары төмендегі өтініш кестесін толтырып, ғылыми жобамен бірге 2021 жылдың мамыр айының 10-на дейін uzdik-zhoba2021@mail.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Байқаудың марапаттау рәсімі (Карантин режимі аяқталған жағдайда) 2021 жылдың мамыр айында NUR-SULTAN қаласы 010000, Мәңгілік ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтіледі деп жоспарлануда. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан марапаттар табысталады.

Барлық сұрақтарды анықтама телефондары арқылы қоя аласыздар:

8778-629-80-35; 8778-742-74-40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУ КЕРЕК

Қатысушының аты-жөні:  
Ата-анасының аты-жөні  
Жетекшісінің аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы  
Білім беру мекеменің атауы
Сыныбы
Байқау атауы «ДАРЫНДЫ ЖАС ҒАЛЫМ – 2021»
Телефон, ұялы, е-mail.ru (мұғалім және оқушы)  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото  
Жергілікті казпочтаның индекс номері  

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз