ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» атты республикалық ЭССЕ байқауының ЕРЕЖЕСІ    

                                    Құрметті педагогтар және дарынды жастар!

Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ЕРЛІК-ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ» атты республикалық эссе байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Эссе байқауының мақсаты мен міндеті:

   — Өскелең ұрпаққа бабалар ерлігін үлгі ете отырып, отансүйгіштік, патриоттық идеясын насихаттау;

— педагогтардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;

— оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту;

Байқауға республика көлеміндегі колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең сырттай өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар төменде көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап эссе жазып, ережеде көрсетліген эл.поштаға жолдауы тиіс. Екінші кезең NUR-SULTAN қаласында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орнын, уақыты бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезең бойынша оқушылар өздері жазған эссе бойынша сынға түседі.

Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:

  • Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
  • Отан оттан да ыстық.
  • Ер туған жеріне…

Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.

Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, эссемен бірге 2020 жылдың маусым айының 27-не дейін elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау: Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға дипломдар беріледі, сонымен қатар үздік эсселер кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хаттар беріледі. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылдың маусым-тамыз айында em>NUR-SULTAN қаласында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсімінің қорытынды кезеңінде жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Байқаудың үздік эсселері жинақ кітапқа енгізіледі.  Ұйымдастыру алқасының сайты: http://bilim-ork.kz/, Facebook парақшасы: Білім Өркениеті.

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8775 450 73 15, 8705 295 03 98    

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні, жетекшісі аты-жөні, лауазымы,
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы, секциясы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз