«МЕН СЕНЕМІН ЖАСТАРҒА»
АТТЫ ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Құрметті педагогтер және жас ақындар!
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «МЕН СЕНЕМІН ЖАСТАРҒА…» атты ІІ республикалық жас ақындар мүшайрасының өтетіндігін хабарлаймыз!
Жыр мүшайрасының мақсаты мен міндеті:
— Өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау. Рухани, мәдени құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, жас таланттарды анықтау.
Мүшайраға республика көлеміндегі колледж бен мектептің жас ақындары қатысу мүмкіндігіне ие!
Жас ақындар мүшайрасы екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең сырттай өтеді. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар төменде көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап поэзиялық туындысын жазып, ережеде көрсетілген эл.поштаға жолдауы тиіс. Екінші кезең NUR-SULTAN қаласында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орнын, уақытын бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезең бойынша жас ақындар өздерінің жолдаған туындыларын сахнада оқып, сұрақтарға жауап береді.
Жыр мүшайрасына қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:
1.«Туған жер- тұғырың»; 2.«Егемен болмай ел болмас…»;
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5. Поэзиялық шығарманың көлеміне шектеу жоқ. Мүшайраға қатысушының аты жөні, облысы, қаласы, мектебі, сыныбы, жетекшісі толық жазылуы тиіс.
Жыр мүшайрасына қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, шығармамен бірге 2020 жылдың қазан айының 15-не дейін elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс. Байқауға жұмыстар 2 (қазақ, орыс) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек.
Жеңімпаздарды марапаттау: Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі сонымен қатар үздік туындылар кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хат беріледі. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылдың қазан-қараша айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсімінің қорытынды кезеңінде елімізге белгілі тұлғалардың қолынан «МЕН СЕНЕМІН ЖАСТАРҒА…» атты республикалық дипломдар табысталады. Кітапқа ақындар мүшайрасы байқауының үздік туындылары енгізіледі. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Facebook парақшасы: Білім Өркениеті. Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8775 450 73 15, 8705 295 03 98

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының аты-жөні, жетекшісі аты-жөні, лауазымы,
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы, секциясы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз