«Мен сенемін жастарға!» атты ҚР жүз үздік дарынды оқушылардың форумының АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

 Құрметті ұстаздар! Құрметті ата-ана! Еліміздің ертеңі дарынды оқушылар!

🔹️Сіздерді балалар жылы аясында өткізілетін «Мен сенемін жастарға!» атты ҚР жүз үздік дарынды оқушылардың форумына қатысуға шақырамыз!

🔹️Форум мақсаты:

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды оқушылар арасында кеңінен насихаттау.
  • Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім қалыптастыру;
  • Ел ертеңі дарынды оқушыларды ғылым мен білімге деген ынтасын ояту;

Форумға қатыса алады:

  • Ғылым мен білім, өнер мен спортта жүзден жүйрік атанған еліміздің жүз дарынды оқушылары қатыса алады.

 Форумға қатысушылар иеленеді:

🔹️Оқушының ата-анасына алғыс хат, жетекшісіне Құрмет грамота;

🔹️Форумға қатысушы оқушылар ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы атындағы бір реттік ақшалай сыйақы;

🔹️ҚР Тұңғыш Президенті Назарбаев Қорының сыйлықтарымен марапатталады.

🔹️Сонымен қатар Форумға қатысушы әрбір оқушылар диплом, төсбелгі, т.б. сыйлықтарымен марапатталады.

 Форумға қатысушы дарынды оқушылар:

Еліміздің танымал ғалымдарының ғылым мен білім тақырыбындағы лекцияларын тыңдайды.

🔵 Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасайды.

» Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, еліміздің дарынды оқушыларын Форумға қатысуға шақырамыз!

Форумның шарттары: оқушылар өзі жайлы жазылған 1 беттік өмірбаянын және білім алу барысында жеткен жетістіктерінің көшірмесін (диплом, сертификат, алғыс хат, грамота т.б.) және ата-анасы, ұстазы, сыныптасымен түскен фото-суреттерін қоса жіберуі қажет (5-6 дана.).
Форумға жұмыстар 2022 жылдың қыркүйек айының 15-не дейін ruhany.jangiru17@bk.ru почтасы бойынша қабылданады.
(Бір сыныптан бірнеше оқушы қатысу мүмкіндігіне ие!)
Форум Нұр-Сұлтан қаласында Тәуелсіздік сарайында өтеді.
Оқушылар ҚР Ұлттық музейіне және Назарбаев Кітапханасына экскурсия жасайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз