«МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР, ДАРЫНДЫ ЖАСТАР!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, ҚР БҒМ № 5-18-2/482-И 09.02.2021 жылғы хаты негізінде «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің педагогтері мен  оқытушыларын қолдау, үздік ұстаздарды анықтау және инновациялық идеяларын арттыру мақсатында «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ» атты республикалық эссе байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!

Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің студенттері мен мектеп оқушылары қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқау қатысушыларына «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ» атты республикалық кітап жинағы, және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі.

Байқау қатысушылары 4/3 форматтағы сапалы суретін және «Менің сүйікті ұстазым…» атты эссе 1 немесе 1,5 бет (14 кегл, Times New Roman, WORD редакторында, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол) жазып жіберуі қажет. Эсседе шәкірт ұстазының: «жаратылысынан өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп жүретін тұлғалық қасиеттерін суреттеуі тиіс». Сонымен қатар ұстазы мен шәкірттің білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктері диплом, алғыс хат, т.б., JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс. Жұмыстар 2021 жылдың қазан айының 15-не дейін uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды поштаға жіберілуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласына ҚР Министрліктері үйіне қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен- жайы бойынша жинақ кітабы, диплом жіберілетін болады).

Байқаудың марапаттау рәсімі 2021 жылы NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық жинақ кітапқа енген «МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ» байқауының жеңімпаздары шақырылады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:

8747-628-80-54, 8775-452-03-98

                                               Эл.пошта: uzdik.pedagog2019@bk.ru

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы  
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы Менің сүйікті ұстазым
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы  

                                                                                                                                                 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз