ҚР Педагогтерінің мәртебесін аттыру мақсатында, Астана қаласында, 1-ші шілде күні өтетін, «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атты республикалық ұстаздар форумының бағдарламасы.

0
6652

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары педагогтарының арасында тәжірибе алмастыру және білім мекемелерінің арасында байланысты күшейту. Педагогтердің ғылыми әлеуетін күшейту, инновациялық идеяларын арттыру!

Форумның өтетін орны: Астана қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Форум қонақтары: ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР оқу-ағарту министрлігіне қарасты институт ғалымдары, Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагог-тренерлері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренерлері.

Форумда қатысушыларға лекторлар «Жаңаша SMART-технологиялармен білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерін» үйретеді. (Қатысушы ұстаздарға сертификат беріледі).

Форумға қатысушы педагогтарға:

  • Арнайы тағайындалған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГІ» атты төсбелгі
  • Республикалық І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен куәлік
  • ҚР тұңғыш Президенті қорынан сыйлық-кітап
  • Байқауға белсенді қатысқан мекеме әкімшілігіне кубок табысталады.
  • Педагогке қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Форумның шарты: Қатысушы өтініш кестесін толтырып, өзінің жұмыс-барысындағы жеткен жетістіктерін, диплом, куәлік, сертификаттарының көшірмелерін және жеке-фото суретін (3/4) қоса маусым айының 19-на дейін uzdik2019@mail.ru почтасына жіберуі қажет.

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 895 9022, +7 (747) 702-52-62; +7 (778) 742-74-40

Формуға қатысушы сұраныс үлгісін толтырып uzdik2019@mail.ru электронды почтасына жолдауы қажет!

Құжаттарды қабылдау уақыты 2023 жыл 19-маусымға дейін

 СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні:
Облыс, қала, аудан, ауыл, Білім беру мекемесінің атауы
Телефоны, ұялы, е-mail
Астана қаласындағы конференцияға келіп қатысамын Ия/Жоқ

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз