ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

0
3618

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «ҚР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға дәріптеу. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемі 15-20 жыл еңбек өтілі бар, ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге көрсетіп жүрген тұлғалар.

Байқаудың шарттары:Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет.

Құжаттар elorda_01@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың қыркүйек айының 10-на дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары «Жаңа Қазақстан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан:
• «ҚР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» ордені,
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» энциклопедиясы
• Куәлік
• Құрмет грамотасымен марапатталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйінде конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп
алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: elorda_01@mail.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 8771-131-62-01, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орнының атауы, лауазымы
Мамандығы
Байқау атауы «ҚР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз