«Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы және «Bilim-órkenieti» республикалық Қазақстан педагогтерінің біліктігін арттыру және қайта даярлау орталығының бірігіп ұйымдастыруымен еліміздің білім беру саласындағы мұғалімдерің қолдау мақсатында қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында өткізілетін «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» атты республикалық байқауға құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Байқауға Республика көлеміндегі білім беру ұйымдарының педагогтары қатысу мүмкіндігіне ие!

Байқау қатысушыларына «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» төсбелгісімен марапатталады, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом, педагогке қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысына Алғыс хат беріледі.

Байқау шарты:

1. Педагог өзінің ПОРТФОЛИОСЫН (электронды презентация түрінде).

2. Өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаян,

3. Өткізген ашық сабақтарының бірін жіберуі қажет (педагогтың 3\4 форматтағы немесе сапалы жеке 1 фото суретін және сабақ беру барысында түсірілген фото-суреттері (4 немесе 5) JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс) 2021 жылдың мамыр айының 10-на дейін elordabilim@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қортынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төсбелгі, куәлік, диплом жіберілетін болады).

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтар» шақырылады. Қортынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған мұғалімдеріне жіберіледі. Қортынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және кофе-брейк қарастырылған.

Ұйымдастыру алқасының сайты http:// bilim-ork.kz /

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety

Ұйымдастырушылар алқасы: 8747-702-52-62, 8778-742-74-40. elordabilim@mail.ru

Қатысушының аты-жөні:  
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы: Тұрғылықты мекен-жайы:  
Білім беру мекемесінің атауы:  
Телефон номері, және эл.почтасы:  
3*4 фото суреті  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз