«ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘР ТАСЫ БІЗДІҢ АЛТЫН ТАҒЫМЫЗ»
АТТЫ ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Құрметті педагогтер және дарынды жастар!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы мен «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘР ТАСЫ БІЗДІҢ АЛТЫН ТАҒЫМЫЗ» атты ІІ республикалық суретшілер байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Суретшілер байқауының мақсаты мен міндеті:
— педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
— оқушылар мен студент жастардың зерттеушілік, шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамыту;
Байқауға республика көлеміндегі колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері дарынды шәкірттерімен қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең сырттай өтеді. Бірінші кезеңде қатысушылар төменде көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап сурет салып, ережеде көрсетліген эл.поштаға жолдауы тиіс. Екінші кезең NUR-SULTAN қаласында өтеді. Екінші кезеңнің өтетін орнын, уақытын бірінші кезеңнен өткен байқау қатысушыларына қосымша хабарланады. Екінші кезең бойынша оқушылар бірінші кезеңде салған сурет бойынша әділқазылар тарапынан сұрақтарға жауап береді.
Байқауға қатысуға төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар қабылданады:
«Арқада Бурабайға жер жетпейді…», «Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек көл ортада,», «Ауасы дертке дауа, жұпар иісті..» деп Мағжан, Сәкен ақындар жырлағандай Қазақ даласының сұлу әрі көркем, бай табиғатын: тауы мен тасы, өзені мен көлі, басқа да сұлу табиғаты туралы сурет салуы тиіс.
Байқау шарттары
Мағыналығына, -тақырыпқа сай шебер салынғандығына, -салған суреті мен сұрақ-жауаптарының үйлесілімділігіне қарай бағаланады. Суреттер А4 форматта, түрлі бояулармен боялып, оқушының аты жөні, облысы, қаласы, мектебі, сыныбы, жетекшісі толық жазылуы тиіс. Байқау қатысушылары өзі және жетекшісі жайлы жазылған мәліметті ережедегі кесте үлгісі бойынша толтырып, салынған суретті сканерлеп 2020 жылдың ҚАЗАН айының 15-не дейін elorda.jobalary2020@bk.ru электронды поштаға жіберуі тиіс.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау: Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі сонымен қатар үздік суреттер кітап жинаққа шығарылады. Мұғалімдерге де оқушылар дайындағаны үшін дәрежелі диплом мен Алғыс хат беріледі. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылдың қазан-қараша айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсімінің қорытынды кезеңінде елімізге белгілі тұлғалардың қолынан «ТУҒАН ЖЕРДІҢ ӘР ТАСЫ БІЗДІҢ АЛТЫН ТАҒЫМЫЗ» атты республикалық дипломдар табысталады. Сурет байқауының үздік туындылары кітапқа енгізіледі Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Facebook парақшасы: Білім Өркениеті. Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: WhatsApp: 8775 450 73 15, 8705 295 03 98
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының аты-жөні, жетекшісі аты-жөні, лауазымы,
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз