Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ.
Нұр-Сұлтан қаласында №67-гимназиясында «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы І республикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеті:
— Ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин шығармашылығын кеңінен насихаттау;
— оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту;
— педагогтардың инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру;
Ы.Алтынсарин атындағы І республикалық олимпиадасына республика көлеміндегі ЖОО-ның, колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, оқушылар мен студенттер қатысты.
Олимпиада екі кезең бойынша өтті. Бірінші кезеңде Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, шығармашылығы жайында 2 беттен кем емес жұмыстар (эссе, ашық сабақ, сценарий, мақала, өлең), немесе 10 беттен кем емес ( ғылыми зерттеу жоба, ғылыми мақала) қабылданады. Бірінші кезең іріктеу кезеңі сырттай өтті. Бірінші кезең бойынша барлық жұмыстар іріктеліп, екінші кезеңге өткен жоба авторлары NUR-SULTAN қаласына шақырылды. Екінші кезеңге шақырылған жоба авторлары сұрақ-жауап бойынша сынға түсті. (Сұрақтар: Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі жайында қойылды).
Екінші кезең нәтижесі бойынша барлық қатысушылар мен жеңімпаздар жетекшілерімен бірге марапатталды.
Жеңімпаз атанған педагог, оқытушылар «Ы.АЛТЫНСАРИН» төсбелгісімен, студент, оқушылар «Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ» атты төсбелгішемен, «Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ І РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ» атты жинақ кітабымен және І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз