«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауына ұстаздарды қатысуға шақырамыз!

0
5486

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУЫМЕН, «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТЕТІН «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҰСТАЗДАРДЫ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

       Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың педагогтері арасында байланыс орнату және педагогтердің инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау!

       Байқауға қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері және ЖОО мен колледж оқытушылары байқауға қатысу мүмкіндігіне ие!

       Байқау шарты: Педагог өзінің ПОРТФОЛИОСЫН (электронды презентация түрінде). «Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім» атты тақырыпта 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес эссе. Өткізген ашық сабақтарының бірін және педагогтың 3\4 форматтағы немесе сапалы жеке 1 фото суретін 2024 жылдың ақпан айының 15-не дейін prepodavatel-2021@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс.

       Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қортынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша байқау марапаттары жіберілетін болады).

       Байқауға қатысушы педагогтарға:

  • Арнайы тағайындалған «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» төсбелгісі
  • «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» статуэткасы,
  • Куәлік
  • І, ІІ, ІІІ дəрежелі Республикалық диплом
  • Сонымен қатар педагогке қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.

       Марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған педагогтарға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғалары мен ғалымдардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http:// bilim-ork.kz /

Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety

Ұйымдастырушылар алқасы: +7 747 224 62 47, +7 747 702 52 62,

+7 778 742 74 40

Өтініш кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Еңбек өтілі
Байқау атауы «Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Жергілікті казпочтаның индекс номері
Басшының толық аты-жөні

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз