«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің педагогтарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында шығарылатын «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ — 2022» атты ғылым жолындағы педагогтардың кітап жинағының екінші шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

      Байқауға Республика көлеміндегі жоғары оқу орындарының педагогтары қатысу мүмкіндігіне ие! Байқау қатысушыларына «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ — 2022» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ — 2022» төсбелгісімен марапатталып, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом, педагогке қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысына Алғыс хат беріледі.

         Байқау талаптары: — Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясын (3-жақта жазылған, яғни «ол» деп көрсетіп жазады);
         соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерінің (диплом, сертификат, алғыс хат, құрмет грамоталарының) көшірмелерін;
         ғылыми еңбектер тізімін, сонымен қатар халықаралық басылымда (Scopus немесе РИНЦ, ВАК) шыққан бір мақаласының көшірмесі;
          Монография тізімі (болған жағдайда);
          3\4 форматтағы (1 дана) және жұмыс барысында (студенттермен, ұжыммен,
конференцияларда т.б.) 6 дана түсірілген сапалы фото-суреттерін жіберуі тиіс.

         Құжаттарды 2022 жылдың наурыз айының 15-не дейін prepodavatel-2020@mail.ru
электронды мекен-жайына жолдауы керек. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады. Өтініште міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайға, республикалық кітап жинақты, дипломды, төсбелгіні, куәлікті, сертификаттарды казпочта арқылы жіберілетін болады).
         Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында,
Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап
таныстырылымына барлық жинаққа енген «Үздік педагогтар» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған педагогтерге жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады және кофе-брейк қарастырылған.
         Ұйымдастыру алқасының сайты http://bilim_ork.kz/
         Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety
         Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:
         8 702 542 33 05 Білім өркениеті
         8 707 142 74 40 Білім өркениеті

Құжаттар өтініш кестесі мен бірге жіберілуі қажет!

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК
ПЕДАГОГЫ — 2022»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Тұрғылықты мекен-жайы
Жергілікті казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз