Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға»
атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын
ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер
1. «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (бұдан әрі-Конференция) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығымен ұйымдастырылып өткізіледі. 2. ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы білім беру саласындағы басым бағыттарды атап көрсеткен. Бұл Жолдаудың басым бағыттардың негізгі мазмұны «дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» екендігі атаған. Конференцияны ұйымдастыру Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы XXI ғасырда экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатын адами, ғылыми әлеуеттің сақталуына және өсуіне ықпал етуге арналған. 3. Республикалық ғылыми-практикалық конференция 2020 жылдың 14-15 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі. Конференцияға қатысу үшін өтініштер, баяндамалар төменде берілген үлгі бойынша 2020 жылдың 23 қыркүйекке дейін қабылданады. Конференцияның мақсаты мен міндеттері
4. Конференция мақсаты: Энциклопедист ғалым Әл-Фараби шығармашылығын кеңінен насихаттап, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру Конференция қатысушылары 5. Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары, және колледж оқытушылары қатыса алады. 6. Республикалық конференцияға үміткерлер ұсынылады:  білім беру ұйымдарының әкімшілігімен;  облыстық білім басқармасымен, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен, облыстық оқу-әдістемелік орталықтарымен, «НЗМ» ДББҰ басшылығымен.
7. КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1. Секция. Биологиялық ғылымдар
2. Секция. Географиялық ғылымдар
3. Секция. өнертану
4. Секция. Тарихи ғылымдар
5. Секция. Әдебиеттану
6. Секция. Медициналық ғылымдар
7. Секция. Педагогикалық ғылымдар
8. Секция. Саясаттану
9. Секция. Психология
10. Секция. Әлеуметтану
11. Секция. Техникалық ғылымдар
12. Секция. Физико-математикалық ғылымдар
13. Секция. Филология
14. Секция. Философия
16. Секция. Спорт
Ғылыми конференция жеңімпаздарын анықтаудың критерийлері
8. Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Байқаудың қазылар алқасын байқауды ұйымдастырушылар реттейді. Қазылар алқасының құрамы ғылым докторларынан, қоғамға танымал тұлғалардан, педагогика саласының ғалымдарынан, педагог ұстаздардан құралады. Қазылар алқасы келесі критерийлер бойынша бағалайды:  еліміздегі оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырудың инновациялық идеяларын ұсыну;  өскелең ұрпақты зияткерлік, ғылыми ойлау қабілетін дамытудың өзектілігі туралы;  ұрпақ тәрбиесіне кері әсер ететін проблемаларды жою және шешу жолдары;  білім алушыны ғылым мен білімге ынталандыру тетіктері мен идеяларын ұсыну;  -әлемдік тәжірибелерге сәйкес білім алушының ғылыми әлеуетін дамыту жолдары;
 ұлттық, патриоттық білім берудің өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі маңызын көрсету;
 бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мен қалыптастырудың жаңашыл бағыттары.
Конференцияны өткізу формасы және мазмұны 9. Конференция өткізілу тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері болып табылады.
10. Конференция қатысушыларының баяндамалары Конференцияның таңдалған бағыттарына сәйкес ұйымдастырылады.
Әл-Фараби шығармашылығы жайында еркін тақырыпта ғылыми мақала қабылданады.
Конференцияға мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Педагогтердің ашық сабақ жоспарлары, сабақтан тыс іс-шаралар жоспарлары материалдары да қабылданады. 11. Баяндама жасау және пікірталас алаңдарын өткізу кезінде Конференция қатысушыларына келесі талаптар қойылады: — ұсынылған іс-тәжірибенің өзектілігі; — талқыланатын салада негізгі мәселелерді анықтау; — жұмыс тәжірибесі туралы ақпараттармен алмасу; — проблемаларды шешу жолдарын талқылау, ұсыну; — зерттеулердің нәтижесі; — практикалық тәжірибенің мәні, оның технологиясы: нақты педагогикалық іс-әрекеттер жүйесі, ұйымдастырылуы, мазмұны, формалары және жұмыс жасау әдістері; — конференцияның ұсынымдарын шығару үшін ұсыныстарды қабылдау. 12. Сөз сөйлеу кезінде компьютерлік презентацияларды қолдануға болады. 13. Сөз сөйлеу регламенті – 5-7 минут. Конференцияны Ұйымдастыру комитеті 14. Конференцияны ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ Конференцияға ұсынылған материалдардың бағалау критерийлерін әзірлеу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады. 15. Ұйымдастыру комитеті Конференцияның өткізілу тәртібін, формасын, орнын және күнін анықтайды, қатысушылар тізімін бекітеді. 16. Ұйымдастыру комитетіне «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының өкілдері кіреді.
Ғылыми конференцияның өтетін уақыты және
марапаттау рәсімі.
17. Конференцияға қатысу тегін. Ғылыми конференцияның барлық материалдары жинақ кітапқа енгізіледі. Және үздік ғылыми мақала авторлары ақшалай сыйақымен марапатталады. Үздік мақалалар Bilim-ork.kz сайты, әлеуметтік желі парақшалар арқылы қоғамға кеңінен насихатталады. Ғылыми конференция 2020 жылдың қазан (карантин аяқталған уақытта) айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында өтеді. Конференция барысында үздік мақалалар кӛпшілікке оқылады, және конференцияның жинақ кітабының таныстырылымы өтеді. Қорытында конференцияға барлық жинаққа енген конференция қатысушылары шақырылады. 18. Конференцияның барлық қатысушылары қатысқандығы туралы Конференцияның арнайы сертификаттарын алады. 19. Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Үздік мақалалар жинақ кітапқа енгізіледі.
Ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі 20. Конференцияға қатысу үшін өтініштер, баяндамалар берілген үлгі бойынша ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23-не дейін altynsarin.2019@bk.ru электронды поштасына жіберілуі қажет.
Қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: 8747-628-80-54, 8775-452-03-98
Сұраныс үлгісі
21. Көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскен жұмыстар қабылданбайды. 22. Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар, мақалалар жинақ болып шығарылады.
Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар:
23. Жіберілген мақалалар, баяндамалар келесі түрде безендіріледі: ғылыми мақаланың жалпы көлемі 2,5 кем емес, 5 беттен аспауы керек; А4 форматында, Times New Roman қаріпі, 14 – кегль, жол арасы интервалы – 1,0; Мақаланың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі тиіс. Алғашқы беті: мақаланың атауы, автордың толық аты-жӛні, жұмысы, оқу орны, қызметі кӛрсетілуі тиіс. Аннотация — (қазақ және орыс тілдерінде). Мақала мәтіні жаңа жолдан басталады.
Конференияға қатысушылар қатысушы ӨТІНІМІН толық толтырулары қажет. Дұрыс толтырылмаған өтінім мен өтінімі жоқ материалдар қабылданбайды.
Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының сұранысы
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Ғылыми конференция атауы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға»
атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізу туралы
ақпараттық хат

ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауындағы білім беру саласындағы басым бағыттарды атап көрсеткен. Бұл Жолдаудың басым бағыттардың негізгі мазмұны «дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» екендігін атап көрсетті. Конференцияны ұйымдастыру Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау арқылы XXI ғасырда экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылатын адами, ғылыми әлеуеттің сақталуына және өсуіне ықпал етуге арналған.
Ағымдағы жылдың 14-15 қазан күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығымен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласында энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (бұдан әрі — Конференция) өткізеді.
Конференцияның мақсаты — энциклопедист ғалым Әл-Фараби шығармашылығын кеңінен насихаттап, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыру.
Конференцияға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары, және колледж оқытушылары қатыса алады.
Конференция «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының www.daryn.kz сайтында және «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының http://bilim-ork.kz сайтында жарияланған.
Конференцияны өткізудің Ережелеріне сәйкес келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
1. Секция. Биологиялық ғылымдар, 2. Секция. Географиялық ғылымдар, 3. Секция. Өнертану, 4. Секция. Тарихи ғылымдар, 5. Секция. Әдебиеттану, 6. Секция. Медициналық ғылымдар, 7. Секция. Педагогикалық ғылымдар, 8. Секция. Саясаттану, 9. Секция. Психология, 10. Секция. Әлеуметтану, 11. Секция. Техникалық ғылымдар, 12. Секция. Физико-математикалық ғылымдар, 13. Секция. Филология, 14. Секция. Философия, 16. Секция. Спорт
Конференция жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Конференцияға қатысу туралы сұранысты және материалды а.ж. 23 қыркүйегіне дейін берілген үлгі бойынша көрсетілген электронды адреске altynsarin.2019@bk.ru жіберуіңізді сұраймыз.
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:8747-628-80-54, 8775-452-03-98

Сұраныс үлгісі

Екінші ұстаз, энциклопедист ғалым Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «Әл-Фараби-әлемдік тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының сұранысы
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Ғылыми конференция атауы
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз