Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай республикалық ғылыми-жобалар байқау өтті

0
2469
Қазақ жері ерлік пен елдіктің даласы, ата-бабамыз ұлдарын жауға құл қылмай, қыздарын күң қылмай бостандық, тәуелсіздіктің қадірін ұрпақ санасына ұғындыра білген. Осындай мақсатта Тәуелсіз Қазақ елінің жастарына, Тәуелсіздік алу жолындағы атқарылған  қадамның бірі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына орай «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қаһарман тұлғалар» атты дөңгелек үстелде ғалымдар бас қосты.Дөңгелек үстелге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уиверситеті тарих факультетінің деканы, профессор Тілеген Садықов, халықаралық қатынастар және байланыс жөніндегі проректоры Баубек Сомжүрек, алаштанушы ғалым, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ,  публицист-жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қойшығара Салғара, Мемлекет және тарих институты директорының орынбасары Амангелді Қашқынбаев, тарихшы-ғалымдар: Қали Ахметов, Сейтқали Дүйсенов, Жабай Қалиев, Болат Шыныбеков, Күлзира Искакова, Гүлнар Мұсабалина, Задаш Дүкенбаева, Арайлым Мұсағалиева, Құралай Сейтқазина, Әзірет Сатылғанов, Саят Набиев және Астана қаласының мектеп мұғалімдерімен оушылары және  БАҚ қатысты.
Дөңгелек үстелді Тарих факультетінің деканы Тілеген Садықов алғы сөзбен ашып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңыздылығына тоқталып өтті. Жиын барысында тарихшы ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан қаһарман тұлғаларға тоқталып, осы оқиғаның қазіргі таңда зерттелу деңгейінің мәселелерін қарастырды.
Шара соңында  «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қаһарман тұлғалар» атты мектеп мұғалімдерімен оқушылар арасында өткізілген республикалық ғылыми-жобалар байқауының қорытындысы жасалып, үздік жоба иегерлерін Тарих факультетінің деканы Тілеген Садықұлы дипломдармен марапаттады.
      «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және қаһарман тұлғалар» атты республикалық ғылыми-жобалар байқау қортындысының нәтижесі:
Жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен  ЖОО білім алушылар арасында өткен «Ер қаруы-бес қару» номинациясы бойынша:
І-ші дәрежелі дипломмен 
 Саитова Ясмина Алимжановна (Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, № 49 мектеп) марапатталды.
ІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Жанахметова Зарина Каратаевна (Астана қаласы, № 45 орта мектеп) марапатталды.
ІІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Ниеткалиев Еламан Галиоллаевич (Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сервис және жаңа технологиялар колледжі) марапатталды.
       «Тәуелсіздік жолында күрескен батырлардың ерлігі» номинациясы бойынша:
І-ші дәрежелі дипломмен Жайлаубай Гүлдана  Жайлаубайқызы  (Арқалық қаласы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі) марапатталды.
ІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Сағатбекова Мадина (ШҚО, Семей қаласы «№ 8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық мектеп-кешені» КММ) марапатталды.
ІІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Асқар Ақтоты  (Қостанай қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты) марапатталды.
      «Тура биде туған жоқ» қазақ даласындағы билер мен жыраулардың рөлі»
І-ші дәрежелі дипломмен Бекболатқызы Айдана (Павлодар қаласы  № 25 жалпы орта білім беретін мектебі) марапатталды.
ІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Меркаримов Алихан Мұратханұлы (Алматы облысы, Қапшағай қаласы «Орта мектеп гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ) марапатталды.
ІІІ-ші дәрежелі дипломмен
 Абулайсова Айгерим (Ақтөбе қаласы, Ақтөбе медициналық колледжі) марапатталды.       Оқытушылар мен педагогтар арасында өткізілген байқаудың «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңыздылығы» атты номинациясы бойынша:
І-ші дәрежелі дипломмен 
 Рахимова Гульнар Мизинбаевна (Астана қаласы, Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебімарапатталды.
ІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Жорабекова Нурила Сакенқызы (Түркістан қаласы «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі) марапатталды.
ІІІ-ші дәрежелі дипломмен
 Сарсенова Самал Сенгалиқызы (Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы) марапатталды.
«Қазақ жері, ерлік пен елдіктің даласы» номинациясы бойынша:
І-ші дәрежелі дипломмен 
 Солумбаева Асель Маулитжановна (ШҚО, Жарма ауданы, Әуезов кенті) марапатталды.
ІІ-ші дәрежелі дипломмен 
 Мағауияқызы Ляззат (Астана қаласы № 59 мектеп-лицейі)марапатталды.
ІІІ-ші дәрежелі дипломмен
 Утепбергенов Дәурен Ахметович (Алматы облысы, Алакөл районы,  Достық кентімарапатталды.
Сонымен қатар ғылыми жобалар байқауына қатысушыларға Алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
«Тарихтың өткенін білмей, осы уақытты, келешекті болжау қиын», бүгінде біз жас буынға тарихымызды, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей білсек, Қазақ елінің болашағы баянды болатыны анық.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ  Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
«Мұрагер» жастар клубының төрағасы С.Т.Нәбиев 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз