«ҮЗДІК ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫ -2020»
АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕР ЖӘНЕ ҰСТАЗДАР!

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 03.03.2020 ж., № 843-5-1666/11-4 хаты негізінде «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік педагог» жобасы аясында еліміздің педагогтері мен оқытушыларын қолдау, үздік ұстаздарды анықтау және инновациялық идеяларын арттыру мақсатында «ҮЗДІК ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫ-2020» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқауға республика көлеміндегі ЖОО-ның және колледждің оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, мектепке дейінгі білім беру педагогтері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқау қатысушыларына «ҮЗДІК ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫ-2020» атты республикалық кітап жинағы, және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі.
Байқау қатысушылары 4/3 форматтағы сапалы суретін және «Менің еңбек жолым жəне педагогикалық жетістіктерім…» атты эссе 1 немесе 1,5 бет (14 кегл, Times New Roman, WORD редакторында, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол) жазып жіберуі қажет. (сабақ барысында түсірілген фото-сурет, педагогтің кейінгі бес жылдық жетістіктері (мұғалімнің жəне оқушы жетістіктерімен бірге) JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс). 2020 жылдың қазан айының 29-на дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды поштаға жіберілуі тиіс. Байқауға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласына ҚР Министрліктері Үйіне қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен- жайы бойынша жинақ кітабы, диплом жіберілетін болады).
Педагогтердің эсселері, шығармашылығы, жетістіктері енген жинақ кітабының
таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2020 жылдың қараша айында NUR-SULTAN қаласында Министрліктер Үйінде, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық жинақ кітапқа енген ҮЗДІК ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫ-2020» байқауының педагогтері шақырылады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet
Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:
8747-628-80-54, 8775-452-03-98

СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы ҮЗДІК ПЕДАГОГ ПОРТФОЛИОСЫ-2020»
Телефоны, ұялы, е-mail, 3х4 фотосы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз