Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» атты білім беру мекемелерінің педагогтері мен оқушылары және студенттер арасында республикалық байқауын өткізу ережесі
І. Жалпы ереже
Тәуелсіздік ең қымбат қазынамыз. Сан ғасырлық бабаларымыздың арманы болған қастерлі де қасиетті Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл толады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Біздің міндетіміз – жастардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету» деп атап өтті. Сондықтан да өскелең ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіру, Тәуелсіз елдің патриот жастарын тәрбиелеу басты міндетіміз болмақ.
Осы ереже республикалық білім беру мекемелерінің педагогтері, оқушылары мен студенттері арасында өткізілетін «Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» атты республикалық байқауының (бұдан әрі – байқау) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.
1.1. Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің №01-13-9/3742-И ОТ 11.10.2019 ж. хаты негізінде «Ұлы дала дарыны» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы КММ (бұдан әрі- Білім беруді жаңғырту орталығы) мен «Bilim-orkenietі» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «Bilim-orkenietі») өткізеді.
Байқаудың материалдары педагогтердің аттестациясына жарамды құжат болып табылады.
1.2. Байқаудың мақсаты педагогтер мен оқушылар және студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіз елге деген құрметін күшейту, елдік сананы ояту, педагог-ұстаздардың ғылыми, зерттеушілік әлеуетін дамыту.
ІІ. Байқауға қатысушылар
2.1. Байқауға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, колледж оқытушылары, студенттер, оқушылар қатыса алады.
ІІІ. Байқауды өткізу тәртібі
3.1. Байқау ІІ кезеңде өткізіледі:
І кезең- білім беру мекемелерінде: ақпан айының ортасында
ІІ кезең- республикалық: наурыз айының ортасында
3.2. Байқау 4 бағыт бойынша өтеді:
3.3. «Ардақты атамекенім…» — ақындар номинациясы. Бұл номинация бойынша ақындар Тәуелсіздікке арнау оқып, қазылар алқасы берген қосымша тапсырманы орындайды және өз шығармаларын оқиды. Қатысушы өз шығармалар (жатқа білуі тиіс) жинағын (папкаға жинақталған) ұсынуы тиіс. Ақындар номинациясы Zoom платформасында өтеді. Уақыты: қосымша хабарланады. Сілтемесі электронды пошталарыңызға алдын ала жіберіледі.
3.4. «Тәуелсіздік туы желбіре…» — Тәуелсіздік, азаттық тақырыбы бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы номинациясы.
Қойылатын талаптар:
- мәтіні WORD;
- шрифт Times New Roman 14;
- аралық интервал 1,5 мм.
- сол жақ параметрі 3 см.
- оң жақ параметрі 1,5 см.
- жоғары, төмен жағы 2 см.
- беттер нөмірленуі тиіс.
Титул парағы:
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
- орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, қаласы);
- жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);
- жұмыстың орындалған уақыты.
Мазмұны:
- абстракт (аннотация), жұмыстың қысқаша мазмұны (200 сөзден артық емес);
- кіріспе, жұмыстың тиянақты сипаттамасы (2 беттен артық емес);
- негізгі бөлім, жеке тараулардан тұрады (15 беттен артық емес);
- қорытынды, жұмыстың негізінде жасалған нәтиже, ұсыныстар
(1 беттен артық емес);
- пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі;
- жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады (берілетін уақыт 5-7 минут).
3.5. «Тәуелсіздік қастерлі ұғым» — Тәуелсіздіктің оңай келмегені, сан ғасырлық азапты тарихы жайлы мақала жазу номинациясы.
Қойылатын талаптар:
- жұмыс көлемі 5 беттен аспауы керек;
- мәтіні WORD;
- шрифт Times New Roman 14;
- аралық интервал 1,5 мм.
- сол жақ параметрі 3 см.
- оң жақ параметрі 1,5 см.
- жоғары, төмен жағы 2 см.
- беттер нөмірленуі тиіс.
Титул парағы:
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
- орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, қаласы);
- жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);
- жұмыстың орындалған уақыты.
3.6. «Тәуелсіз елдің асқақ рухы» — қастерлі Тәуелсіздігіміздің асқақ рухы, азат елдің азаматының асқақ арманы туралы эссе номинациясы.
Қойлатын талаптар:
- Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
- Жұмыс көлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін. Жұмыс WORD форматында қабылданады.
- Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см. қалдыру керек.
- Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен
- немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар
- қабылданбайды.
- Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
- Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
- Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
- Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай
- Емле – 10 ұпай
- Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай
- Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:
- Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.
- Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.
- Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.
- Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.
- Эсседен оқушы 50 ұпайға дейін жинай алады.
ІV.Ұйымдастырушылар
4.1. Байқаудың өткізілу орнын белгілейді;
4.2. Қазылар алқасының құрамы мен қатысушылардың тізімін бекітеді;
4.3. Іс-шараның өткізу бағдарламасын дайындайды;
4.4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Білім беруді жаңғырту орталығы мен
«Bilim-orkenietі» орталығы Алғыс хаттары, дипломдар және грамоталарымен марапаттайды.
4.5. Байқауға тіркелу және қатысу жөніндегі сұранысты қабылдайды.
- Қазылар алқасы
5.1.Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының оқытушылары мен педагог-ұстаздардан тұрады.
5.2.Қатысушылар өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
5.3.Қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және балдық жүйемен бағалайды;
5.4.Қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиіс түзетулерді енгізеді;
5.5.Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. Байқаудың әр бағыты бойынша жүлделі орындар: Бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар, мақтау қағаз иегерлерін анықтайды.
Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2021 жылдың 23 наурызына дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru поштасына жолдану қажет.
Байқау жоғарыда көрсетілген 4 бағыт бойынша өткізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8747-628-80-54, WhatsApp: 8775-452-03-98
Байқау төрт номинация бойынша оқушылардың үздік жобалары жинақ кітапқа енеді.
«Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» байқауынының эсселері енгізілген кітап жинағы Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына қойылады.
Сұраныс кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!
«Мен Тәуелсіз елімнің патриотымын!» байқауына
ҚАТЫСУШЫНЫҢ СҰРАНЫСЫ |
Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты |
Оқушының және жетекшісінің аты жөні, лауазымы |
Эссе немесе ғылыми жоба, мақала, арнау атауы |
Білім беру мекемесінің атауы: |
Байланыс телефоны |
Автордың сапалы 3*4 сапалы фотосы |