Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «ҚР ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауын өткізу ережесі

 І. Жалпы ереже                                                                                                    Қазақ халқының аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» — деп, жақсы мұғалімді мектептің жүрегіне теңесе, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың ұлағаты – мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты – оқу мен әдебиетте», — деп, ұлттың, мәдениеттің ұлағатты болуы ол – оқу мен білім деп көрсеткен. Ұстаз – қоғам мен адамзатты ұлы құндылықтарға: ғылым мен білім, өнер мен әдебиет, мәдениет мен руханият, жалпы адам баласын асыл қасиеттерге тәрбиелеуші аса қадірлі де қастерлі, құрметті есім. Сондықтан да ағартушы-ұстаз Мағжан Жұмабаев: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деп, педагогтің биік мәртебесі мен құрметті дәрежесін атап көрсетеді.   Осы ереже республикалық білім беру мекемелерінің педагогтері арасында өткізілетін «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқауының (бұдан әрі – байқау)  мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

1.1. Байқауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің №01-13-9/3742-И ОТ 11.10.2019 ж. хатының негізінде «Жылдың үздік ұстазы» жобасы аясында «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы  (бұдан әрі — «Bilim-orkenietі») өткізеді.

1.2. Байқаудың мақсаты ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы жеңімпаздарын анықтау, үздік ұстаздардың бастамаларына қолдау көрсету, шығармашылық қабілеті мен инновациялық-педагогикалық идеяларын арттыру, педагог қызметкерлердің ғылыми, зерттеушілік әлеуетін дамыту.

БАЙҚАУДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ АТТЕСТАЦИЯСЫНАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

ІІ. Байқауға қатысушылар

2.1. Байқауға білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, педагог-ұстаздар қатыса алады.

2.2. ҚР үздік педагогтері:

—  ҚР білім және ғылымына сіңірген айрықша еңбегі және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілі орындап, кәсіби шеберлік пен нәтижелі жұмыс көрсеткен және ғылыми-зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіріп жүрген, белсенді, азаматтық ұстанымы бар, білім беруде инновациялық әдіс-тәсілдер қолдана білетін, шәкірттердің білімге деген шабытын оятып, ғылымға деген ынтасын арттыра білетін педагогтер – «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» байқауына қатыса алады;

ІІІ. Байқауды өткізу тәртібі

3.1. Байқау 2 бағыт бойынша өтеді. 1-бағыт эссе жазу бойынша, 2-бағыт үздік педагог портфолиосы бойынша өткізіледі.

3.2. «Білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы». Бұл номинация бойынша байқауға қатысушы үздік педагогтердің білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығы туралы жазуы тиіс. Эсседе педагог шәкірттің зияткерлік және шығармашылық қабілетін арттырудың инновациялық әдістері мен білім мен ғылымға ынталандырудың озық үлгілерін көрсетуі тиіс.

3.3. «Үздік педагогтің-үздік портфолиосы». Бұл номинация бойынша үздік педагогтің оқушының дарындылық қабілетін арттыру мақсатында жеткен жетістіктерінің көшірмелерін JPG форматта жіберуі тиіс. Мысалы: диплом, алғыс хат, сертификат т.б. кейінгі бес жылдағы білім беру барысында қол жеткізген педагогтің (7-10 дана) жетістіктерінің негізгілерін ұсынуы қажет. Сонымен қатар педагогтің ¾ фотосы, білім беру барысында жеткен жетістік фотоларын да қоса жіберуі қажет. (Фото-суреттер «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» атты республикалық байқауының жинақ кітабына енгізілетін болғандықтан және «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» кітап жинағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына қойылатындықтан сапалы болуы тиіс.)

Эссеге қойылатын талаптар:

  • Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
  • Жұмыс көлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін. Жұмыс WORD форматында қабылданады.
  • Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см. қалдыру керек.
  • Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен
  • немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар
  • қабылданбайды.
  • Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
  • Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
  • Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
  • Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай
  • Емле – 10 ұпай
  • Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай
  • Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:
  • Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.
  • Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.
  • Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.
  • Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.
  • Эсседен 50 ұпайға дейін жинай алады.

 

ІV.Ұйымдастырушылар

4.1. Байқаудың өткізілу орнын белгілейді;

4.2. Қазылар алқасының құрамы мен қатысушылардың тізімін бекітеді;

4.3. Іс-шараның өткізу бағдарламасын дайындайды;

4.4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.

4.5. Байқауға тіркелу және қатысу жөніндегі сұранысты қабылдайды.

 Қазылар алқасы

5.1.Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының оқытушылары мен педагог-ұстаздардан тұрады.

5.2.Қатысушылар өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;

5.3.Қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және балдық жүйемен бағалайды;

5.4.Қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиіс түзетулерді енгізеді;

5.5.Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. Байқаудың әр бағыты бойынша жүлделі орындар: Бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар, дәрежелі диплом, диплом иегерлерін анықтайды.

Байқау материалдары сұраныс кестесімен бірге 2021 жылдың 23 наурызына дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru  поштасына жолдану қажет.  

Байқау жоғарыда көрсетілген 2 бағыт бойынша өткізіледі.  

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8747-628-80-54, WhatsApp: 8775-452-03-98

VI.Марапаттау

«ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» байқауының екі бағыт бойынша үздік эсселері мен үздік портфолиосы енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді.

  • Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» байқауының жеңімпаздары: еліміздің үздік педагогтері марапаттауға шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына жіберіледі.

Қорытынды марапаттау конференцияда елімізге белгілі тұлғалардың қолынан:

ҚР үздік педагогтері:

  • Бас жүлде және 1, 2, 3-орындар ақшалай сыйақымен;
  • «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» атты байқауының үздік эсселері және педагогтің үздік портфолиосы енгізілген жинақ кітабымен;
  • Байқаудың І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломдарымен;
  • «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» атты төсбелгімен;
  • ҚР дарынды шәкірттерін тәрбиелегені үшін Құрмет грамотасымен марапатталады.
  • «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы» атты үздік педагогтердің эсселері мен үздік портфолиосы енгізілген кітап жинағы Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына қойылады.

 

          Сұраныс кестесі эссемен бірге жіберілуі тиіс!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай

 «ҚР үздік педагогтерінің ұлттық сыйлығы»

атты республикалық байқауы

Қатысушы педагогтің тегі, аты, әкесінің аты
Байқау аты
Білім беру мекемесі
Байланыс телефоны
E-mail
Автордың сапалы 3*4 сапалы фотосы

 

Положение о проведении республиканского конкурса «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИЗ ЛУЧШИХ ПЕДАГОГОВ РК», посвященного 30-летнему юбилею Независимости Республики Казахстан

  1. Общие положения

Видный казахский просветитель-педагог Ы.Алтынсарин приравнивал хорошего учителя к сердцу школы, говоря: «Для меня хороший учитель дороже всего, потому как учитель – сердце школы», великий учитель Ахмет Байтурсынулы говорил: «Назидание нации – в культуре, назидание культуры – в обучение и литературе», тем самым отмечая, что назидание нации, народа в обучении и образовании. Учитель – важнейшее, уважаемое и святое имя, воспитывающее общество и человечество великим ценностям: науке и образованию, искусству и литературе, культуре и духовности, общим человеческим качествам. Просветитель-педагог Магжан Жумабаев также высоко отметил степень уважения и статуса педагога словами: «Если соберется весь казахский народ, почетное место – для учителя».

Настоящее положение определяет цели и задачи, порядок проведения республиканского конкурса «Национальный приз лучших педагогов РК» (далее — конкурс), проводимого между педагогами образовательных учреждений страны.

1.1. Конкурс проводится на основании письма Министерства образования и науки РК №01-13-9/3742-И от 11.10.2019 года в рамках проекта «Лучший учитель года» Национальным инновационным научно-исследовательским центром «Bilim-orkenieti» (далее – «Bilim-orkenieti»).

1.2. Цель конкурса – определение победителей национального приза лучших педагогов РК, оказание поддержки инициатив лучших учителей, повышение творческих способностей и инновационных, педагогических идей, развитие научного, исследовательского потенциала педагогических сотрудников.

2.Участники конкурса

2.1. В конкурсе могут принять участие педагогические сотрудники, педагоги-учителя образовательных учреждений, школ республиканского значения, международных школ.

2.2. Лучшие педагоги РК:

— заслуженные педагоги сферы образования и науки РК, образцово выполняющие свои профессиональные обязанности, показывающие профессиональное мастерство и результативность, постоянно совершенствующие свой научно-исследовательский, интеллектуальный и творческий уровень, активно поддерживающие гражданскую позицию, умеющие использовать инновационные методы в образовании, вдохновляющие учеников к обучению, повышающие их тягу к изучению наук могут принять участие в конкурсе «Национальный приз лучших педагогов РК».

3.Порядок проведения конкурса

3.1. Конкурс будет проведен по 2 направлениям: 1-направление – по эссе, 2-направление – по портфолио лучшего педагога.

3.2. «Важность воспитания конкурентоспособного поколения в системе образования». По данной номинации участнику необходимо написать эссе о важности воспитания лучшими педагогами конкурентоспособного поколения в системе образования. В эссе необходимо описать инновационные методы учителя по повышению интеллектуальных и творческих способностей ученика и показать передовые примеры стимулирования к образованию и науке.

3.3. «Лучшее портфолио лучшего педагога». По данной номинации необходимо в целях повышения способностей учеников лучшего педагога необходимо направить копии достижений в формате JPG. Например, дипломы, благодарственные письма, сертификаты и т.д., основные достижения за последние пять лет в сфере образования (7-10 шт). Также, фото ¾ педагога, фотографии достижений в ходе обучения (Фотографии будут включены в сборник республиканского конкурса «Национальный приз лучших педагогов РК» и сборник «Национальный приз лучших педагогов РК»).

Требования к эссе:

  • Работы позже указанного срока не принимаются!
  • Объем работы от 1,5 стр до 3 стр. Работы принимаются в формате WORD.
  • Шрифт – Times New Roman, размер кегля – 14, межстрочный интервал – одинарный, отступ со всех сторон 2 см.
  • Эссе будет проверено через программу антиплагиат, работы с сети интернет или материалы других авторов не принимаются.

Эссе будет оцениваться по следующим пяти условиям:

  • 1) содержание, глубина мысли – 10 баллов
  • 2) уровень использования литературного материала – 10 баллов
  • 3) стиль написания эссе – 10 баллов
  • 4) орфография – 10 баллов
  • 5) знаки препинания, пунктуация – 10 баллов

Критерии и дескрипторы эссе:

  • Содержание эссе – тема раскрыта полностью, имеет собственное конкретное мнение, не уходит от темы, может самостоятельно оценить.
  • Структура эссе – может аргументированно использовать тезисы и аргументы, логично связывает абзацы, собственные выводы на основании фактов.
  • Мастерство речи – описание, искусное использование образных слов (устойчивые словосочетания, пословицы, др.).
  • Речевая грамотность – без ошибок или допускается 1 легкая орфографическая ошибка либо 1 ошибка в знаках препинания.
  • По эссе можно набрать до 50 баллов.

4.Организаторы

4.1. Определяют место проведения конкурса.

4.2. Утверждают состав жюри и участников.

4.3. Разрабатывают программу проведения мероприятия.

4.4. Награждает победителей и призеров.

4.5. Принимают заявки на регистрацию и участие в конкурсе.

5.Жюри

5.1. Состав жюри состоит из ученых высших учебных заведений, преподавателей и учителей образовательных учреждений.

5.2. Утверждают критерии оценки мастерства участников.

5.3. Анализируют мастерство участников и оценивают по балльной системе.

5.4. Обсуждают спорные моменты при оценке мастерства участников и при необходимости вносят должные коррективы.

5.5. Определяют победителей и распределяют призовые места. Определяют такие призовые места по каждому направлению конкурса, как Главный приз, первое, второе, третье места, обладатели грамот.

Материалы конкурса должны быть направлены вместе с таблицей заявки до 23 марта 2021 года на электронную почту ruhany.jangiru.17@bk.ru.

Конкурс будет проведен по вышеуказанным 2 направлениям.

Для получения дополнительной информации можно обращаться по следующим контактным номерам: 8747-628-80-54, WhatsApp: 8775-452-03-98

 

  1. Награждение

 

Презентация сборника с лучшими эссе по трем номинациям и церемония награждения конкурса «Национальный приз лучших педагогов РК» будут проведены в городе NURSULTAN по адресу Дом министерств, 14 подъезд, Актовый зал в виде конференции.

  • На презентацию сборника будут приглашены все победители, вошедшие в сборник конкурса «Национальный приз лучших педагогов РК»: лучшие педагоги страны. Программа заключительной конференции будет направлена победителям конкурса.

На заключительной конференции награждения известные личности нашей страны вручат:

Лучшим педагогам РК:

  • Главный приз и 1, 2, 3 места с денежным вознаграждением;
  • Сборник с лучшими эссе и с лучшими портфолио педагогов конкурса «Национальный приз лучших педагогов РК»;
  • Республиканские дипломы I, II, III степени;
  • Нагрудные знаки «Национальный приз лучших педагогов РК».
  • За воспитание одаренных учеников РК будут награждены Почетной грамотой.
  • СБОРНИК С ЛУЧШИМИ ЭССЕ И С ЛУЧШИМИ ПОРТФОЛИО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИЗ ЛУЧШИХ ПЕДАГОГОВ РК»; БУДЕТ ВЫСТАВЛЕН В НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИЧЕСКОЙ БИБЛИОТЕКЕ РК В ГОРОДЕ НУР-СУЛТАН.

Таблица заявки должна быть направлена вместе с работой!

Республиканский конкурс

«НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРИЗ ЛУЧШИХ ПЕДАГОГОВ РК», посвященный 30-летнему юбилею Независимости Республики Казахстан

Фамилия, имя, отчество участника
Название конкурса
Наименование образовательного учреждения:
Контактные телефоны
E-mail
Качественное фото 3*4 автора

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз