ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ!

«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» Қасым-Жомарт Тоқаев

«BILIM-ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп жатқан «Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды студенті» атты республикалық байқауға шақырамыз!

Гран-при: Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков премиясы, яғни ақшалай сертификат табысталады.

Қатысушылардың жұмыстарын қабылдау мерзімі: 5 сәуір мен 10 мамыр аралығы.

Байқаудың мақсаты:

 Республиканың дарынды жастарының арасында байланыс орнату.

 Патриоттық сезім ұялата отырып, Тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту. Байқаудың міндеті:

 Қазақстан Республикасы бойынша үздік студенттерді анықтау, марапаттау және қолдау көрсету;

 Әлеуметтік желі мен ұйымдастыру алқасының сайтына 100 дарынды студенттің суреті мен жетістіктері туралы материалдарды жариялау.

Байқаудың шарты:

Жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады!

І талап. Студент төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазып жіберуі қажет. Ашық ресурстардан (интернеттен) көшірілген материалдар қабылданбайды. Байқауға ұсынылған эссенің тақырыпқа сай болуы басты назарға алынады!

Эссе тақырыптары:

«ОТЫЗ ЖЫЛДА БІЗ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕР МЕН БОЛАШАҚТЫ БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСТЕР»,

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНЫМЫН»

«ЕРЛІК ЕЛ ЕСІНДЕ» (Тәуелсіздік жолында күрескен тарихи тұлғалар туралы)

«ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ РӨЛІ»;

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ-ЖАСТАР»;

«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ-ТІРЕГІМ» .

Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.

ІІ талап. Байқауға қатысушы өзі жайында портфолио жіберуі қажет.

Портфолиоға қойылатын талаптар: Өзі жайлы қысқаша ақпарат беру. Жетістіктерін, яғни оқу барысында және оқудан тыс жинаған тәжірибесін, диплом, алғыс хат, сертифиткаттарын және студенттік өмірде түскен 4-5 дана фотосын жинақтап қосу. Портфолио презентация түрінде, 10 беттен кем емес болуы керек. Байқау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Байқау қатысушыларына:

 Түрлі-түсті «ҚР 100 үздік дарынды студенті» атты кітап жинақ;

 Үздік деп танылған студенттерге «ҚР үздік дарынды студенті» төсбелгісі және төсбелгіні куәлендіретін куәлік;

 Республикалық дәрежедегі І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;

 Студенттердің жетекшілері мен ата-аналарына Алғыс хат табысталады. (электронды)

Сұратылған ақпараттарды 2021 жылдың 10-шы мамырға дейін daryndystudent@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://biork.kz/ Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety, best_student.kz. Жоба туралы қосымша ақпаратты көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: 8 776 109 42 05; 8 707 142 74 40; 8 (7172) 44 34 50.

Өтініш кестесі эссемен бірге жіберілуі қажет!

Қатысушының тегі, аты-жөні  
Оқу орнының атауы, мекен-жайы:  
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы

Тұрғылықты мекен-жайы: 

 
Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана).  
Телефон номері және эл.почтасы:  
Жетекшісінің аты-жөні  
Ата-анасының аты-жөні:  
Жергілікті казпочтаның индексі:  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз