«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» республикалық байқауы туралы ЕРЕЖЕ

0
26305

І. Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (01.09.2022 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді. Ережеде 1-11 сынып оқушыларына арналған «Үздік ғылыми жоба авторы» республикалық байқауының (бұдан әрі — Байқау) мақсаттары мен міндеттері, ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету, өткізу тәртібі, қатысу шарттары, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібі айқындалады.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы «BILIM-ÒRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі — «BILIM-ÒRKENIETI» ҰИҒЗО) болып табылады.

1.3. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, олардың танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас ғалымдардың алғашқы қадамдарын қолдау. Сонымен қатар, оқушыларды ғылымға баулу арқылы болашақ зерттеушілер мен жаңашыл тұлғаларды тәрбиелеу, мектеп қабырғасында ғылыммен айналысу мәдениетін қалыптастыру.

1.4. Байқаудың міндеттері: ғылыми-зерттеу жұмыстарына бейімді, зерделі және дарынды оқушыларды айқындап, олардың бастамаларына қолдау көрсету, оқушылардың ең үздік ғылыми ізденістерін көпшілікке таныту және жариялау, сондай-ақ қоғам назарын зияткерлік әлеуетті арттырудың маңыздылығына аудару. Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми қызығушылығын дамытып, зерттеу жүргізу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

ІІ. Байқау қатысушылары

2.1. Байқауға 1–11 сынып оқушылары қатыса алады. Олар жеке немесе командалық құрамда (2 қатысушыдан аспайтын) зерттеу жобаларын ұсынады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі санатқа бөлінеді: 1–4 сынып (6–9 жас аралығы) және 5–11 сынып (10–16 жас аралығы).

2.2. Қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толық жауапкершілік байқаудың соңғы кезеңіне дейін, байқау өткізіліп жатқан уақытта және кері қайту жолында жетекшілердің мойнында болады. Жетекшілер тиісті білім басқармасы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

3.1. Байқаудың өткізу тұрақтылығы мен мерзімділігі: 2019 жылдан бастап жылына бір рет, яғни ақпан-наурыз айының аралығында өткізіледі.

3.2. Байқауды ұйымдастыру комитеті жыл сайын қорытынды кезеңнің өтетін орнын және уақытын белгілейді, қазылар алқасының мүшелерін, байқау бағдарламасын және қатысушылардың тізімін бекітеді, байқау нәтижесін шығарып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін өткізеді.

3.3. Қазылар алқасы құрамына мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында қызмет ететін түрлі ғылыми бағыттағы білікті оқытушылар, ғалымдар мен әдіскерлер кіреді. Байқауға қатысушылардың жақын туыстары немесе тәрбиеленушілері қазылар алқасының құрамында бола алмайды.

3.4. Қазылар алқасы ұсынылған жұмыстарды талдап, белгіленген критерийлер бойынша әділ бағалайды және жүлделі орындарға лайықты қатысушыларды анықтайды.

3.5. Республикалық байқау екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең — іріктеу кезеңі. Қатысушылар ғылыми жұмыстарын электронды форматта байқау ұйымдастырушыларының электронды поштасына жолдайды. Жұмыстар сырттай сарапталып, үздік деп танылған жобалар екінші кезеңге жолдама алады.

Екінші кезең — жобаны қорғау кезеңі. Республика көлемінде бірінші кезең бойынша іріктелініп алынған үздік жобалар авторлары өз жұмыстарын онлайн форматта PowerPoint немесе басқа презентация құралдары арқылы қорғайды. Екінші кезеңге өткен жоба авторлары ғылыми жобаны секциялар бойынша қорғаудан сынға түседі. Әр қатысушыға баяндама жасау үшін 5–7 минут уақыт беріледі.

ІV. Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар

4.1. Конкурска зерттеу жұмыстары келесі секциялар бойынша қабылданады:

Бағыт Секция
1. Физика-математикалық физика, математика, информатика, экономика
2. Ғылыми-жаратылыстану биология, химия, адам денсаулығы, т.б.
3. Лингвистикалық әдебиеттану, тіл білімі
4. Гуманитарлық тарих, өлкетану, этномәдениеттану
  • Жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Қаріп түрі: Times New Roman

Қаріп өлшемі: 14 кегль

Жоларалық интервал: 1,5 см

Абзац шегінісі: 1,25 см

Жиектер: сол жағынан – 3 см, оң, жоғары және төменгі жағынан – 2 см

Беттер нөмірі: төменгі ортада көрсетіледі, титул бет нөмірленбейді

Жұмыс көлемі: 15 беттен аспауы керек (қосымшасыз)

4.3. Жоба құрылымы келесі бөлімдерден тұруы тиіс:

  • Титул беті (жұмыстың тақырыбы, секциясы, сыныбы, орындаушының және жетекшісінің аты-жөні, оқу орны мен жылы)
  • Мазмұны
  • Аңдатпа (қазақ немесе орыс тілінде, қосымша ағылшын тілінде 250 сөзден аспауы тиіс)
  • Кіріспе (тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен міндеттері, қысқаша әдіснама сипаттамасы
  • Негізгі бөлім (теориялық шолу, зерттеу әдістері мен алынған нәтижелер, иллюстрациялар: кестелер, графиктер, суреттер және т.б.)
  • Қорытынды (негізгі нәтижелер мен тұжырымдар, қолдану бойынша ұсыныстар)
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (мәтінде дәйексөздер [квадрат жақшада] көрсетіліп, әдебиеттер алфавиттік тәртіппен беріледі)
  • Жетекшінің пікірі (тақырыптың маңыздылығы, оқушының жеке үлесі, жұмыстың артықшылықтары мен ұсыныстары)
  1. Ғылыми жобаның іріктеу кезеңіндегі бағалау критерийлері:
Бағалау критерийі Балл (макс.)
1 Тақырыптың өзектілігі және жаңалығы 0–10 балл
2 Зерттеу мақсаты мен міндеттерінің нақтылығы 0–10 балл
3 Зерттеу әдістерінің негізділігі және қолданылуы 0–10 балл
4 Алынған нәтижелер мен тұжырымдардың дәлдігі 0–10 балл
5 Жұмыстың құрылымы мен безендірілу сапасы (құрылым толықтығы, тілдік сауаттылық) 0–10 балл
Жалпы балл 50 балл

Ескерту: Іріктеу кезеңінен өту үшін қатысушы кемінде 30 балл жинауы қажет.

VІ. Ғылыми жобаны қорғау барысындағы бағалау критерилері:

Бағалау критерийі Балл (макс.)
1 Шығармашылық қабілеті 30 балл
2 Ғылыми ойлауы 30 балл
3 Тақырыпты ашу 15 балл
4 Қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі 15 балл
  Жалпы балл 90 балл

 

VІ. Байқау қорытындысын шығару

6.1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен марапатталады. Орын алмаған қатысушылар байқауға қатысқаны туралы сертификаттар алады.

6.2. Дипломдар, алғыс хаттар мен сертификаттардың электрондық нұсқалары жүктеп алу мүмкіндігі https://bilim-ork.kz/ сайтында орналастырылады.

VІІ. Қаржыландыру

«Ұлы дала дарыны» республикалық эссе байқауын ұйымдастыру және өткізуге байланысты барлық шығындар – қатысушыларды марапаттау, дипломдар мен алғыс хаттарды дайындау, техникалық сүйемелдеу, ақпараттық жариялау, мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру – ұйымдастырушы тараптың, сондай-ақ демеушілік қолдау есебінен жүзеге асырылады.

Байқауға демеушілік қолдау көрсеткен ұйымдар қатарында:

– «Bilim-orkenieti» республикалық Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау орталығы;

  • «Жаңа Қазақстан» баспасы

Аталған ұйымдар байқау процесін ұйымдастыруға, қатысушыларды ынталандыруға, оқу-әдістемелік, ақпараттық және материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге атсалысады.

VІІІ. Апелляциялық жүйе:

  1. Қатысушы немесе оның жетекшісі байқау нәтижесіне келіспеген жағдайда апелляция беруіне құқылы.
  2. Апелляция байқау нәтижесі жарияланғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде қабылданады.
  3. Апелляция жазбаша түрде немесе арнайы электронды форма арқылы ұсынылады.
  4. Апелляциялық өтінішті арнайы апелляциялық комиссия қарастырады.
  5. Қорытынды шешім 5 жұмыс күні ішінде қабылданып, өтініш иесіне хабарланады.

Апелляциялық өтініш

Байқау атауы: «Үздік ғылыми жоба авторы» республикалық байқауы

Өтініш берушінің аты-жөні: ___________________________________

Мектебі, сыныбы: ___________________________________

Жетекшісінің аты-жөні (болса): ________________________________

Байқау нәтижесі: ___________________________________

Апелляция себебі:

Күні: «_» ____________ 202 ж.

Өтініш берушінің қолы: _____________

«Үздік ғылыми жоба авторы» республикалық байқауына қатысуға өтінім

Автордың тегі, аты-жөні,
Жетекшінің аты-жөні
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы
Білім беру мекеменің атауы
Телефоны, ұялы, е-mail
Ата-ананың аты-жөні

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз