«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЖАҢАШЫЛ ПЕДАГОГ: ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУДІҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» АТТЫ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ»
АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ
Құрметті ұстаздар, қадірлі педагогтер!
Сіздерді «Жаңа Қазақстан-Жаңашыл педагог: педагог мәртебесін көтерудің өзекті мәселелері»
атты тамыз конференциясына қатысуға шақырамыз!
Шараның мақсаты мен міндеті:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру
жолы» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған басымдықтарды
педагогтер арасында кеңінен насихаттау;
Педагогтердің инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық әлеуетін
дамыту;
Конференцияның бағыттары және оқылатын баяндама тақырыптары:
✅️ Ұстаз мәртебесін көтеру- жаңару мен жаңғырудың бастауы;
✅️ Үздік педагог: менің жаңа Қазақстан құрудағы жаңашыл идеяларым;
✅️ «Балам дейтін ел болмаса: бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі;
✅️ Жақсы ұстаз- мектептің жүрегі: Білім саласына білікті мамандар тартудың оң тетіктері;
✅️ Білім беруде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызы туралы;
✅️ Сен ғылымға болсаң ынтық: мектеп оқушыларын ғылыми жобаларға баулудың өзектілігі және
мәселелері;
Конференцияға қатысу шарттары. Баяндама 1,5 беттен 3 бетке дейін болуы тиіс.
Конференцияға баяндамалар 2022 жылдың тамыз айының 22-не дейін қабылданады. Мәтін
Microsoft Word мәтіндік редакторымен терілуі керек және WORD редакторында Times New
Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.
Конференция туралы толық ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар:
WhatsApp: 8747-628-80-54, 8702-986-64-05, 8775-452-03-98