«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» республикалық патриоттық байқауының ақпараттық хаты

0
3203

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» АТТЫ ЖОЛДАУЫН ҚОҒАМҒА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Bilim-orkenieti» орталығы және «Жаңа Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» атты республикалық патриоттық байқауына кәсіпкерлерді қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары еліміздің саяси және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Құжаттар astana-100k@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың қазан айының 15-не дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:

  • Арнайы тағайындалған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» атты ордені;
  • Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік;
  • Құрмет грамотасы;
  • «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ     100     ҮЗДІК      КӘСІПКЕРІ» атты энциклопедиясына жеңімпаздардың өмірбаяндары енгізіледі;
  • «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» атты статуэтка;

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен ордені табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana-100k@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8 771-131-62-01, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

 

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Байқау атауы

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ»

Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Мекен-жай, жергілікті казпочтаның индекс номері

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз