Байқаудың мақсаты:
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай жас суретшілердің шығармашылық қабілеттерін қолдау, олардың қиялы мен көркемдік шеберлігін дамыту, туған елдің тарихы, табиғаты мен ұлттық құндылықтарын бейнелеу өнері арқылы дәріптеу. Өнерге бейім дарынды оқушыларды анықтап, шығармашылық ізденіске ынталандыру және жас таланттардың дамуына мүмкіндік беру.
Байқаудың шарты: Әр катысушыдан 2 (екi) жұмыс қабылданады. Суреттiң теменгi оң жақ бұрышында жұмыстың тақырыбы, автордың аты-жөнi, бiлiм беру мекеменiң атауы мен сыныбы жетекшiсiнiң аты-жөнi толық жазылу қажет.
Орындау техникасы: Жұмыс форматы — А4 қағазында. Кескiндеме (акварель, гуашь, акрил), графика (тушь, перо, қылқалам түрлi-түстi қарындаштар жане т.б.)
Байқауға теменде керсетiлген тақырыптар бойынша жұмыстар қабылданады:
Қазақ даласының ғажайып жауhарлары — елiмiздiң батысында Бозжыра, Шерқала күнгейде Ақсу-Жабағылы, Сайрам-Өгем, Жетiсуда Хан Tәңipi мен Шарын, Көлсай, Қайыңды ҚапалАрасан, Алтынемел мен Бұрхан бұлақ, шығыс өңірдегі Мұзтау, Шынғыстау, Марқакөл мен Рахман қайнары, Арқада Бурабай, Баянауыл, Ұлытау, Қарқаралы, елiмiздiң терiскейiндегi Имантау және Айыртау сол секiлдi басқа да Қазақ даласының сұлу әpi керкем табиғаты туралы суреттер 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін astana_2025.kz@mail.ru электронды почтасына өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Байқау жеңімпаздарына:
- Арнайы тағайындалған «ҮЗДІК 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ» атты төсбелгішесі;
- Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
- «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАС СУРЕТШІСІ» статуэткасы;
- Республикалық І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
- Ата-анасына қолдау көрсеткені үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етіледі.
Жетекшісіне берілетін марапаттар:
- «ҰСТАЗ» платформасында тіркелген І, ІІ, ІІІ дəрежелі ДИПЛОМ;
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №175 бұйрығы негізінде келісілген 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысып, KZ платформасына тіркелетін сертификат беріледі.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бекітілген тізіміне сәйкес «BILIM JÀNE ÒRKENIET» республикалық электронды журналына эсселеріңіз жарияланады;
- Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: astana_2025.kz@mail.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Жетекшісінің аты-жөні | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Білім беру мекеменің атауы | |
| Байқау атауы | «Тәуелсіз елдің жас суретшісі — 2026» |
| Телефон, ұялы телефон, e-mail (мұғалім және ата-ана) | |
| Сапалы түрлі-түсті ¾ фотолары |









