ҚҰРМЕТТІ ЖОО ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ!
«Парасат» ұлттық білім және инновация орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін Республикалық «ЖЫЛ СТУДЕНТІ — 2026» атты талантты студенттердің байқауына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!
«ЖЫЛ СТУДЕНТІ — 2026» республикалық байқауының негізгі мақсаты: білім, ғылым, өнер, спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қоғамдық өмірге белсене араласатын, көшбасшылық қабілеттері дамыған, ел болашағы үшін жауапкершілік жүгін көтеруге дайын талантты студенттерді анықтау және қолдау.
Байқау – терең білім мен тың идеяларды ұштастыра білген, жаңашыл ойлайтын, ұлттық рухы биік және жаһандық деңгейде ойлай алатын жасампаз жастардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, олардың шығармашылық бастамалары мен ғылыми ізденістерін ынталандыруға бағытталған бірегей жоба.
Байқау қатысушыларына табысталады:
- Арнайы тағайындалған «ЖЫЛ СТУДЕНТІ — 2026» атты төсбелгісі;
- Куәлік;
- «ЖЫЛ СТУДЕНТІ — 2026» атты статуэткасы;
- І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом;
- Студенттердің жетекшілеріне Алғыс хат.
Байқауға қатысу шарттары:
- Өтініш кестесі, 3х4 форматтағы сапалы суреті (JPEG форматта);
- Жеке портфолио PDF немесе Power Point форматында (қатысушының жетістіктерін растайтын құжаттар: дипломдар, алғыс хаттар, сертификаттар, грамоталар, және т.б. марапаттар көшірмелері, 1 курс студенттеріне мектеп қабырғасындағы, яғни, 9-11 сынып кезіндегі жеткен жетістіктерін енгізсе болады).
- Төменде көрсетілген тақырыптардың бірін таңдап, 2 беттен артық емес
эссе жазу қажет:
✓ «Менің жеке жетістіктерім және кәсіби даму бағытым»;
✓ «Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – білімді жастардың қолында»;
✓ «Заман талабына сай көшбасшы: идеядан – әрекетке»;
Эссеге қойылатын талаптар: Word форматта, 14 кегл, қаріп Times New Roman.
Жұмыстар http://StrikePlagiarism.com жүйесінде тексерілетін болады.
Байқауға құжаттар 2026 жылдың 30 қыркүйегіне дейін bilim.news.2026@mail.ru электронды мекен-жайына немесе +77755407180 WhatsApp нөміріне өтініш кестесімен бірге жолдану қажет. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда, көрсетілген мекен-жайы бойынша байқау марапаттары жіберілетін болады). Байқауға құжаттар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Марапаттау рәсіміне барлық үздік көшбасшы студенттер шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған студенттердің жеке электрондық пошталарына жіберілетін болады. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгі және т.б. марапаттар табысталады.
Инстаграм парақшасы: bilim_orkenieti_
Ұйымдастыру алқасы:
+7 747 628 8054, +7 702 986 6405, +77755407180
Өтініш кестесі құжаттармен бірге жіберілуі керек!
| Қатысушының аты-жөні | |
| Қала атауы, оқу орнының атауы, | |
| факультет, мамандық, курс, топ атауы | |
| Сапалы 3*4 фото сурет (1 дана) | |
| «Телефон нөмірі және эл.почтасы: | |
| Жетекшісінің аты-жөні | |
| Қазпоштамен қай мекен-жайға жіберу қажет? |









