«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «ҒЫЛЫМ ҚАЙРАТКЕРІ» атты республикалық байқау — еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосқан, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен, Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін арттыру жолында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен білікті мамандарды анықтап, олардың еңбегін қоғамға кеңінен насихаттауға және марапаттауға бағытталған республикалық жоба.
Байқау Тәуелсіздік жылдарында отандық ғылымның дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін дәріптеуді, ғылыми жетістіктерді насихаттауды және өскелең ұрпаққа үлгі етуді көздейді.
Байқаудың мақсаты:
- ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай отандық ғылым жетістіктерін насихаттау;
- Ғылымның дамуына үлес қосқан үздік ғалымдар мен мамандарды дәріптеу;
- Жастар арасында ғылым мен білімнің беделін арттыру.
Байқаудың міндеті:
- Ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми жетістіктерін қоғамға таныту;
- Ғылыми-зерттеу және инновациялық бастамаларды қолдау;
- Ел ғылымына үлес қосқан тұлғаларды өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Республикалық байқау қатысушылары:
- Ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері;
- Профессорлар мен ғалымдар;
- Жоғары оқу орындарының оқытушылары;
- Ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілер;
- Ғылым мен білім саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандар қатыса алады.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы басылымдарға жарияланған ғылыми мақалалар тізімін жіберуі қажет, 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman), өтініш кестесін толтырып, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған диплом, алғыс хат, медаль және т.б.) жіберуі тиіс.
Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың қазан айының 30-на дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына:
- Арнайы тағайындалған «ҒЫЛЫМ ҚАЙРАТКЕРІ» төсбелгісі;
- Төсбелгіні куәландыратын КУӘЛІК;
- «ҒЫЛЫМ ҚАЙРАТКЕРІ» статуэткасы;
- ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
- Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат жолданады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында желтоқсан айында конференция форматында өтеді. Қорытынды конференцияның бағдарламасы іріктеуден өткен қатысушыларға жіберіледі. Марапаттау рәсімінде қатысушыларға қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардың қолынан төсбелгі және арнайы марапаттар табысталады.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ (Word форматында жіберілуі қажет)
| Қатысушының тегі, аты-жөні | |
| Облыс, қала, аудан, ауыл атауы | |
| Қызмет орнының атауы, лауазымы | |
| Еңбек өтілі | |
| Байқау атауы |
«ҒЫЛЫМ ҚАЙРАТКЕРІ» |
| Басшының толық аты-жөні | |
| Телефон, ұялы телефон, e-mail | |
| Сапалы түрлі-түсті ¾ фото |









