Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына орай білім беру мекемелерінің педагогтері мен оқушылары және студенттер арасында республикалық Әлихан оқуларын өткізу ережесі

 І. Жалпы ереже

Мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш көсемі, халқымыздың біртуар перзенті – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның еліміздің өткен тарихындағы атқарған ерлік ісі, қалдырған мұралары кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Халқының жарқын болашағына, елінің азаттығы жолында аянбай қызмет еткен Әлихан Бөкейханның тарихтағы алар орны ерекше. Қазақ  тарихындағы ұлт басына төнген нәубет, зобалаң жылдарда жеке мүддеден ұлт мүддесін артық қойып, елінің тәуелсіздігі жолына өмірін арнаған Әлихан Бөкейханның тарихи ерлігінен бүгінгі ұрпақ үлгі алуы тиіс. Сондықтан да Әлихан Бөкейханның 155 жылдығында Алаш көсемінің тарихи ерліктерін атап өту, оны кейінгі ұрпаққа паш ету бүгінгі ұрпақтың басты міндеті болмақ.

Осы ереже республикалық білім беру мекемелерінің педагогтері, оқушылары мен студенттері арасында өткізілетін Әлихан  оқуларының (бұдан әрі – Әлихан оқулары) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібін айқындайды.

1.1. Әлихан оқуларын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім беруді жаңғырту орталығы КММ (бұдан әрі- Білім беруді жаңғырту орталығы) мен «Bilim-orkenietі» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы (бұдан әрі«Bilim-orkenietі») өткізеді.

1.2. Әлихан оқуларының мақсаты педагогтер мен оқушылар және студенттер арасында Алаш көсемі, мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның тарихи ерліктерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту, тәуелсіздік жолында қызмет еткен тарихи тұлғаларға деген құрметті күшейту, Әлихан Бөкейханның еңбектерін зерттеп, терең меңгеруге қызығушылығын ояту.

ІІ. Әлихан оқуларына қатысушылар

2.1. Әлихан оқуларына білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, ЖОО-ның, колледж оқытушылары, студенттер, оқушылар қатыса алады.

  • Әлихан оқуларына үміткерлер ұсынылады:
  • білім беру ұйымдарының әкімшілігімен;
  • облыстық білім басқармасымен, «Дарын» аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен, облыстық оқу-әдістемелік орталықтарымен, «НЗМ» ДББҰ басшылығымен.

 

ІІІ. Әлихан оқуларын өткізу тәртібі

3.1.Әлихан оқулары ІІ кезеңде өткізіледі:

І кезең- білім беру мекемелерінде: ақпан айының ортасында

ІІ кезең- республикалық: наурыз айының ортасында

3.2. Әлихан оқулары 4 бағыт бойынша өтеді:

3.3. «Алаштың алыбы…» — ақындар номинациясы. Бұл номинация бойынша ақындар Әлиханға арнау оқып,  қазылар алқасы берген қосымша тапсырманы орындайды және өз шығармаларын оқиды. Қатысушы өз шығармалар (жатқа білуі тиіс) жинағын (папкаға жинақталған) ұсынуы тиіс. Ақындар номинациясы Zoom платформасында өтеді. Уақыты: қосымша хабарланады. Сілтемесі электронды пошталарыңызға алдын ала жіберіледі.

3.4. «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз…» — Әлихан Бөкейханның тәуелсіздік, азаттық тақырыбындағы еңбектері бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы номинациясы.

Қойылатын талаптар:

  • жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек;
  • мәтіні WORD;
  • шрифт Times New Roman 14;
  • аралық интервал 1,5 мм.
  • сол жақ параметрі 3 см.
  • оң жақ параметрі 1,5 см.
  • жоғары, төмен жағы 2 см.
  • беттер нөмірленуі тиіс.

Титул парағы:

  • жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
  • жұмыстың тақырыбы;
  • бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
  • орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, қаласы);
  • жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);
  • жұмыстың орындалған уақыты.

Мазмұны:

  • абстракт (аннотация), жұмыстың қысқаша мазмұны (200 сөзден артық емес);
  • кіріспе, жұмыстың тиянақты сипаттамасы (2 беттен артық емес);
  • негізгі бөлім, жеке тараулардан тұрады (15 беттен артық емес);
  • қорытынды, жұмыстың негізінде жасалған нәтиже, ұсыныстар

(1 беттен артық емес);

  • пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі;
  • жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады (берілетін уақыт 5-7 минут).

3.5. «Талаптан да білім мен өнер үйрен» — Әлихан Бөкейханның мәдениет, тарих, ағартушылық, ғылым мен білімді арқау еткен мақалалары, шығармашылығы жайлы мақала жазу номинациясы.

Қойылатын талаптар:

  • жұмыс көлемі 5 беттен аспауы керек;
  • мәтіні WORD;
  • шрифт Times New Roman 14;
  • аралық интервал 1,5 мм.
  • сол жақ параметрі 3 см.
  • оң жақ параметрі 1,5 см.
  • жоғары, төмен жағы 2 см.
  • беттер нөмірленуі тиіс.

Титул парағы:

  • жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
  • жұмыстың тақырыбы;
  • бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
  • орындаушы (тегі, аты, мектебі, сыныбы, қаласы);
  • жұмыс жетекшісі (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);
  • жұмыстың орындалған уақыты.

 3.6. «Әлихан Бөкейхан және Алаш Орда үкіметі» — Әлихан Бөкейхан бастаған ұлттық интеллигенция өкілдерінің бастамасымен құрылған Алаш Орда үкіметінің ұлт тарихындағы алар орны туралы эссе номинациясы.

Қойылатын талаптар:

  • Көрсетілген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды!
  • Жұмыс көлемі 1,5 беттен 3 бетке дейін. Жұмыс WORD форматында қабылданады.
  • Кегл түрі – Times New Roman, кегл өлшемі – 14, жазба жол аралығы – біреулік, барлық жағынан 2 см. қалдыру керек.
  • Эссе антиплагиат бағдарламасы арқылы тексеріледі, интернет желісінен
  • немесе басқа автордың жұмысынан алынған материалдар
  • қабылданбайды.
  • Эссе бес түрлі талап тұрғысынан бағаланады:
  • Мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
  • Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
  • Эссенің жазылу стилі – 10 ұпай
  • Емле – 10 ұпай
  • Тыныс белгілері, пунктуация – 10 ұпай
  • Эссенің критерийлері мен дескрипторлары:
  • Эссе мазмұны – тақырыпты толық ашу, өзіндік көзқарасы нақты, мәселеден ауытқымайды және дербес баға бере алады.
  • Эссе құрылымы – тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алу, азат жолдарды логикалық түрде байланыстыру, дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасау.
  • Тіл шеберлігі – суреттеуі, бейнелі сөздерді (тұрақты тіркестер, мақал- мәтелдер т.б.) шебер пайдалану.
  • Тілдік сауаттылығы – қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қате немесе тыныс белгісінен 1 қате болу.
  • Эсседен оқушы 50 ұпайға дейін жинай алады.

ІV.Ұйымдастырушылар

4.1. Әлихан оқуларының өткізілу орнын белгілейді;

4.2. Қазылар алқасының құрамы мен қатысушылардың тізімін бекітеді;

4.3. Іс-шараның өткізу бағдарламасын дайындайды;

4.4. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Білім беруді жаңғырту орталығы мен

«Bilim-orkenietі» орталығы Алғыс хаттары, дипломдар және грамоталарымен және

марапаттайды.

4.5. Байқауға тіркелу және қатысу жөніндегі сұранысты қабылдайды.

 

  1. Қазылар алқасы

5.1.Қазылар алқасының құрамы жоғары оқу орындарының ғалымдары, білім беру ұйымдарының оқытушылары мен педагог-ұстаздардан тұрады.

5.2.Қатысушылар өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;

5.3.Қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және балдық жүйемен бағалайды;

5.4.Қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиіс түзетулерді енгізеді;

5.5.Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі. Әлихан оқуларының әр бағыты бойынша жүлделі орындар: Бас жүлде, бірінші, екінші, үшінші орындар, мақтау мағаз иегерлерін анықтайды.

Әлихан оқуларының материалдары сұраныс кестесімен бірге 2021 жылдың 23 наурызына дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru  поштасына жолдану қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады: 8747-628-80-54, WhatsApp: 8775-452-03-98 Әлихан оқуларының төрт номинация бойынша оқушылардың үздік шығармалары жинақ кітапқа енеді.

 

Сұраныс кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс!

«ӘЛИХАН ОҚУЛАРЫНА» ҚАТЫСУШЫНЫҢ СҰРАНЫСЫ    
Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты
Оқушының және жетекшісінің аты жөні, лауазымы
Эссе немесе ғылыми жоба, мақала, арнау атауы
Білім беру мекемесінің атауы:
Байланыс телефоны
E-mail
3*4 сапалы фото

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз