Биыл Қазақ Елінің елордасы Астана қаласына 20 жыл толса, тәуелсіздігімізге 27 жыл толуда. Бұл әрине өз алдына жеке ел болуды мақсат тұтқан біз секілді жас мемлекетке көп уақыт емес. Дегенмен, еліміз осы уақыт ішінде әр салада көптеген жетістіктерге қол жеткізгендігі белгілі. Соның бірі еліміздегі ғылым және білім саласы. Қазақ Елі алдына ұзақ мерзімді даму стратегияларын қойып, сол негізде әлемдік өркениет биігіне шығуды мақсат санап, тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздің ғылым және білім саласының дамуына алғышарттар жасаған бірден бір ел. Сондықтан да отандық білім саласы инновациялық негізде даму үстінде.
Әлемдік өркениетте Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) терең ғылым мен даналық білімнің негізін қалаған әлемдік ғұлама екендігі анық.
«Шын білім – ақиқат, анық білім», «Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды», «Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт» — деген ғылымның ақиқат биігі мен анық мақсатын көсетіп берген, даналық білімі әлемдік философияда жоғары дәрежеде бағаланған әл-Фараби бабамыз да қазақ топырағынан түлеп шыққан мыңдаған ой алыптарының бірі екендігі анық.
Әл-Фараби бабамыз атап өткеніндей, Қазақ Елінің ғылым мен білім саласы ақиқат пен адалдыққа негізделсе ғана тәуелсіздігіміздің тұғыры – берік, болашағы – баянды болары сөзсіз.
Міне, осы мақсатта, Қазақ Елінің елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай: «Үздік директор-2018» атты республикалық байқауын ұйымдастырдық. Байқауға республикадан жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.
Байқаудың мақсаты директорлардың инновациялық әлеуетін арттыру, тәуелсіз Қазақ Еліне деген құрметін күшейту, отансүйгіштік сезімін арттыру болып табылады. «Үздік директорларды» анықтау болып табылады.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Нобель сыйлығы турасында» атты мақаласында: «Неше түрлі ғылым, өнер – бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рақатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын, дүнияда бейнет кемімекші. Осыған ақылы жетіп, есі енген жұрттар ғылым мен өнерді бірден-бірге асыруға тырысады. Асыру үшін әр түрлі істер істейді. Сол істердің бірі – білім жарысы», — деп білім жарысының маңызын атап өтеді. Сондықтан да ел тәуелсіздігінің басты нышаны ол – білім екендігі анық.
Байқауға қатысушы директорларға айтарымыз: Қазақ Елінің тұғырының берік, тәуелсіздігінің баянды болуы ол тікелей сіздің қолыңызда демекпіз! Сондықтан да алдағы уақытта да еліміздің білімінің дамуы үшін өз үлесіңізді қоса беріңіз демекпіз.
Қазақ Елінің ғылымы мен білімінің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, өз еңбегіңіздің жемісін көруіңізді тілейміз!
Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығы, Астана қаласының 20 жылдығы құтты болсын! Еліміздің мәртебесі күннен күнге артып, ғылым мен білімі қарыштай берсін!
Байқаудың әділ қазылар алқасы:
1.Әділ қазылар төрағасы – Мақсат Алпысбесұлы — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д.
2.Қалиев Жабай Нұрмақұлы — ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, Мемлекет тарихы институтының бөлім басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, академик.
3.Әмірғалиева Дайра Кайнемқызы — Астана қаласының Білім басқармасының бас маманы.
4.Елеусізов Ербол Ибрагимович — ҚазҒЗЮ гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, академик.
Республикалық байқауға профессор, ғылым докторы, ғалым ағаларымыз қазылық етіп, төмендегі жеңімпаздар анықталды:
Мұқажанов Ерқат Биғалиұлы-Алматы облысы, Талдықорған қаласы, «Алматы облыстық Білім басқармасы» ММ, Талдықорған политехникалық колледжінің директоры, физика- математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ғылыми педагогикалық, білім академиясының корреспондент-мүшесі, РЖА профессоры, ЕҒА ғылым докторы.
Алиев Кобейбек Амирбекович-Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы, Дарын мектеп-интернатының директоры
Алмаш Зухра Тоғайбайқызы— Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп-лицейінің директоры.
Аубакирова Гульжауар Жангалиевна-Павлодар қаласы, №35 сәбилер бақшасының директоры
Адилова Талшын Шаландиевна-Атырау облысы, Атырау қаласы, №8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасының директоры.
Базарбаева Салима Оразалиевна-Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Балауса бөбекжайының директоры.
Байс Сарыбай Құрманбекұлы-Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған елді мекені, Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры.
Бершимбекова Жекен Саилауевна-Алматы облысы,Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, №1 мектеп-гимназиясының директоры.
Джумадилов Асет Казыевич- Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры.
Идирисова Дарига Туймебаевна— Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Өндіріс ауылы, Жарылқасын Отарбаев орта мектебінің директоры.
Исабай Сара Асанқызы-Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір ауылы, С.Әлиев шағын жинақты жалпы орта мектебінің директоры.
Ізтлеуова Айғаным Қорабайқызы— Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №4 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
Калиев Алмас Айдарбекұлы-Алматы қаласы, Алматы темір жол көлігі колледжінің директоры.
Кенжеева Алтынша-Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінің директоры.
Кыстаубаева Камшат Болатканкызы-Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Күреңбел қазақ орта мектебінің директоры.
Қуатбекова Карамат Пердешқызы- Түркістан облысы,Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Ақсукент көпсалалы колледжінің директоры.
Масальская Юлия Анатольевна-Павлодар облысы, Шербақты ауданы, Шарбақты ауылы, «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығы директоры
Маселбеков Докторбек Манатбекович-Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры.
Мирзагулов Базаркул Шукуркулович-Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы орта мектебінің директоры.
Нургалимов Саят Нурланович-Астана қаласы, «Тұран-Профи» қалалық шаруашылық колледжінің директоры.
Сарыбекова Жамиля Нургалиевна- Жамбыл облысы, Тараз қаласы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК директоры.
Нуржанов Марат Амангельдыевич— Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Мектептен тыс білім беру орталығы МҚКҚ директоры
Омарова Гульнара Сембаевна-Шымкент қаласы, Ш.Уалиханов атындағы №18 жалпы білім беретін мектебінің директоры.
Рахимжанова Бахтыбала Кабиевна- Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Еркеғали Рахмадиев атындағы Үржар балалар музыка мектебінің директоры.
Тұрғанбаев Берік Мыңжанұлы – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің директоры.
Шалабаева Айгүл Қуанышқалиқызы-Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
Досқанаев Алдаберген Жүсіпұлы- Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жаңа ауыл әкімшілігіне қарасты, Қарой елді мекені, А.Рудаки атындағы жалпы орта мектебінің директоры.
Назаров Жанболат Опабекұлы- Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылы, №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебінің директоры
Жаксылыков Бахытбай Иниятович- Жамбыл облысы, Қордай ауылы, Отар ауылы №3 Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры.
«Үздік директор-2018» байқауының қорытындысы бойынша байқауға қатысушылар «Үздік директор-2018» атты төсбелгі мен куәлік, «Үздік директор-2018» атты республикалық жинақ кітабы және дәрежелі диплом иеленеді. Байқаудың салтанатты ресми марапаттауы Астана қаласында ҚР Министрліктер үйінде қараша айында өтеді. Нақты өтетін күнін, уақытын ұйымдастырушы тарап байқауға қатысушыларға хабарлап айтады. Ресми марапаттауға келе алмаған жағдайда марапаттарды ұйымдастырушы тарап байқауға қатысушылардың мекен-жайына жөнелтеді.