«ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГТЕРІНІҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ-2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауымен, «Bilim-órkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің білім беру ұйымдарының үздік педагогтерін анықтау мақсатында «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі-2022» атты республикалық байқауының өтетіндігін хабарлаймыз!
Байқауға республика көлеміндегі ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері, педагог-ұстаздар қатысу мүмкіндігіне ие!
Байқауға қатысушы педагогтер «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі-2022» атты республикалық түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған төсбелгі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық дипломмен марапатталады.
Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған «Жақсы ұстаз-мектептің жүрегі…» атты 1,5 беттен аспайтын эссе жазуы тиіс. (WORD редакторында «Times New Roman» 14 шрифт, жоларалық-1.5, сол жақтан 2 см жол.). Эсседе жаңашыл ұстаздың білім мен ұрпақ тәрбиелеудегі инновациялық идеялары көрініс табуы тиіс. Сонымен қатар білім беру саласындағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б. 4-5 данасын ) қоса тіркелуі тиіс, 3/4 форматтағы сапалы суретін жіберуі қажет. Байқауға жұмыстар 2022 жылдың наурыз айының 25-не дейін uzdik.pedagog2019@bk.ru электронды поштасына жіберілуі тиіс. Жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. (NUR-SULTAN қаласына ҚР Министрліктері үйінде өтетін қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда сұраныста көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ кітабы, төсбелгі, куәлік, диплом жіберілетін болады).
«Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі-2022» байқауы педагогтерінің эсселері енген жинақ кітабының таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2022 жылы NUR-SULTAN қаласында Министрліктер үйінде, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі-2022» байқауының қатысушылары, жеңімпаздары шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы байқау жеңімпаздарына, қатысушыларына жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі, «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі-2022» атты байқауға қатысқан педагогтердің өмірбаяндық эсселері енгізілген жинақ кітабы табысталады. Ұйымдастыру алқасының сайты: Bilim-ork.kz, Инстаграм парақшасы: bilim_orkenietі, ФБ: Білім өркениеті.
Анықтама тел.: 8747-628-80-54, 8775 452 03 98
СҰРАНЫС БЕРУ ҮЛГІСІ
Қатысушының тегі, аты-жөні, лауазымы | |
Облыс, аудан, қала, село (ауыл) атауы | |
Білім беру мекеменің атауы | |
Байқау атауы | «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі-2022» |
Телефоны, ұялы, е-mail,
Сапалы 3х4 фотосы |