«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

0
15285

Мәдениет пен өнер – өмірдің ажырамас бөлігі, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Мәдениет пен өнер саласындағы мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да мол. Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басудың бір тетігі – мәдениет қызметкерлерін қолдау. Елдің рухани дамуы мен кемелденуі мәдениеттің қарқынды дамуымен ұштасып жатыр. Еліміздің атын шығаратын да – мәдениет пен өнер.

 Қасым-Жомарт Кемелұлы ТОҚАЕВ

Қазақстан Республикасының Президенті

 

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» АТТЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ

«Bilim-orkenieti» орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық патриоттық байқауына мәдениет және өнер саласының өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын жастарға түсіндіру. Тәуелсіздік жылдары еліміздің рухани дамуына мәдениет және өнер саласына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен  артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.

Құжаттар elorda_2023@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың тамыз айының 28-не дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары «Жаңа Қазақстан» ҚҚ атынан «Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі» ордені, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталады.

«Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер саласының үздігі» энциклопедиясына жеңімпаздардың өмірбаяндары енгізіледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: elorda_2023@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: 8771-131-62-01, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөні
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы
Қызмет орны атауы, лауазымы
Байқау атауы     «Мәдениет және өнер саласының үздігі»
Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Жергілікті казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз