«Bilim-orkenieti» орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘРТЕБЕЛІ МАМАНЫ» атты республикалық патриоттық байқауына еліміздің дамуына саналы ғұмырын арнап, еңбек етіп жүрген барлық сала өкілдерін қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Ұзақ жыл бір қызметте жұмыс жасап, өз саласының дамуына бар ғұмырын арнап, аянбай еңбек етіп жүрген ардагер қызметкерлерді қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқауға қатысушылар:
- Білім және ғылым саласының мамандары;
- Медицина саласының мамандары;
- Спорт және мәдениет, өнер саласының мамандары;
- Әдебиет- көркем өнер саласының мамандары;
- Қаржы саласының мамандары;
- Қоғам қайраткерлері;
- Ауыл-шаруашылық саласының мамандары;
- Энергетика саласының мамандары;
- Ақпарат саласының мамандары;
- Заң саласының мамандары;
- Әскери қызмет саласының мамандары;
- Мұнай және газ кен орындарын игеру саласының мамандары;
- Әлеуметтік сала мамандары;
- Эколог, геолог, табиғи ресурстар, энергетика саласының мамандары;
- Мемлекеттік қызмет саласының мамандары;
- Құрылыс саласының мамандары;
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін (республикалық, халықаралық деңгейдегі) растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фото-суреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар astanaa_2022@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың ақпан айының 1-не дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарына арнайы тағайындалған «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» ордені, «Қазақстан Республикасының мәртебелі маманы» энциклопедиясы, куәлік және Құрмет грамотасымен марапатталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, Мәжіліс залында конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: astanaa_2022@mail.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 8778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50
ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЖҰМЫСПЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ
Қатысушының тегі, аты-жөні | |
Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы | |
Қызмет орнының атауы, лауазымы | |
Мамандығы, сала атауы | |
Байқау атауы | «ҚР мәртебелі маманы» |
Телефон, ұялы, е-mail.ru | |
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото | |
Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері |