«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

0
730

Байқаудың мақсаты: Республика бойынша мектеп оқушылары арасында байланысты күшейту, оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін, инновациялық идеяларын кеңейту.

Республикалық байқауға қатысушылар: байқауға республика көлемінде дарынды оқушылар ұстаздарымен бірге қатысу мүмкіндігіне ие.

Байқаудың шарттары:

1-5 сынып оқушылары «Бәйтерек» номинациясы бойынша, төмендегі секциялардың бірін таңдап, өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет.

6-11 сынып оқушылары «Шаңырақ» номинациясы бойынша төмендегі секциялардың бірін таңдап, өз пәні бойынша ғылыми жоба жұмысын жіберуі қажет.

Ғылыми жобалар төмендегі секциялар бойынша қабылданады:

  • 1-бөлім: Гуманитарлық ғылымдар;
  • 2-секция: Жаратылыстану ғылымдары;
  • 3-секция: Техникалық ғылымдар;
  • 4-секция: Экономикалық ғылымдар;
  • 5-секция: Шығармашылық және өнер;
  • 6 секция: Заң және құқық;
  • 7 секция: Психология- медицина;

Ғылыми жоба тақырыбын таңдау автордың өз еркінде!

Ғылыми жобаға қойылатын талаптар:

Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторында «Times New Roman» 14 шрифтімен терілуі керек, жоларалық 1.0 см, сол жақтан 20 мм жол. Ғылыми жоба 15 беттен артық болмауы қажет.

Ғылыми жобаны жазу стандарты бойынша:

  • бастапқы беті (тақырыбы, секциясы, сыныбы, оқушы мен жетекшінің аты-жөні жазылған);
  • мазмұны;
  • негізгі бөлім (кіріспе, теория, практика, қорытынды);
  • пайдаланған әдебиеттер тізімі болуы тиіс.

Байқау екі кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең — іріктеу кезеңі сырттай өтеді, байқау материалдары электронды нұсқада қабылданады. Ғылыми жұмыстар antiplagiat.ru жүйесінде тексерілетін болады.

Ғылыми жобалар 2024 жылдың қараша айының 20-на дейін zhas_galym2021@mail.ru электронды почтасы бойынша өтініш кестесімен бірге қабылданады.

Байқау қорытындысы бойынша:

  • Арнайы тағайындалған «Үздік ғылыми жоба авторы» атты төсбелгішесі;
  • Төсбелгішені куәлендіретін куәлік;
  • Статуэтка;
  • І, ІІ, ІІІ республикалық дәрежелі диплом;
  • Жетекшісіне Алғыс хат

табысталады.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасында ҚР белгілі тұлғаларының қолынан төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады.

Конференцияға жұмыстар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің бірінде қабылданады!

Байланыс телефоны: 8-778-629-80-35, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50

Жұмыстар қабылдау почтасы: zhas_galym2021@mail.ru

Сайт: http://bilim-ork.kz.

Инстаграм парақшасы: @bilim_orkeniety

          ӨТІНІШ КЕСТЕСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні
Жетекшісінің толық аты-жөні
Сыныбы
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы
Білім беру мекеменің атауы
Байқау атауы

«ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ»

Телефон, ұялы, е-mail.ru
Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Тұрғылықты мекен-жай, казпочтаның индекс номері

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз