«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» республикалық байқауына білім алушыларды қатысуға шақырамыз!

0
389

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай
«ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА»
республикалық байқауына білім алушыларды қатысуға шақырамыз!

🔹Байқаудың мақсаты мен міндеттері: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн» деп мемлекет басшысы мақаласында жастарды Абай шығармаларын оқуға шақырады. Байқауды ұйымдастыру Ұлы ақын Абайдың шығармаларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау арқылы, білім және ғылымға деген жастардың қызығушылығын арттырып отанын сүйетін, білімді азаматтарды қалыптастыруға ықпал етуге арналған.

🔹Байқау қатысушыларына:

  • Арнайы тағайындалған ТӨСБЕЛГІШЕ;
  • Төсбелгішені куәландыратын КУӘЛІК;
  • І, ІІ, ІІІ дəрежелі республикалық дипломмен марапатталады;
  • Ата-ана және жетекшіге АЛҒЫС ХАТ табыс етіледі;
  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі.

🔹 Байқаудың шарты: Оқушы жетекшісімен бірге төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, 2 беттен аспайтын эссе жазып, 2025 жылдың наурыз айының 21-не дейін ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына өтініш кестесімен бірге жіберуі қажет. (Бір сыныптан 15-20 оқушы қатысу мүмкіндігіне ие!)

🔹 Эссе тақырыптары:

  • «Абай мұрасы-Қазақтың қасиетті қазынасы» — атты тақырыпқа эссе жазу.
  • «Абайдан қалған асыл сөз» — атты тақырыпқа эссе жазу.
  • «Абай — дана, Абай — дара Қазақта!» — атты тақырыпқа эссе жазу.
  • «Мен білетін Абай» — атты тақырыпқа эссе жазу.
  • «Абай ілімі» — атты тақырыпқа эссе жазу.
  • «Абай-ұлы тұлға» — атты тақырыпқа эссе жазу.
  • «Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай білім алушылардың арнаулары»
  • «Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы «Абай бейнесі» атты тақырыптардың бірін таңдап эссе немесе арнау-өлең жазу қажет»
  • 🔹 Эссеге қойылатын талаптар: мәтін MS Word форматында, 2 беттен артық емес, кегл өлшемі 14, аралық интервал 1.0, шрифт Times New Roman, беттердің барлық жағынан өлшемі 20 мм.
  • Байқауға жұмыстар (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінде қабылданады!

           Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан төсбелгіше және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenietі_
Байланыс телефоны: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ЭССЕМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ КЕРЕК

Қатысушының тегі, аты-жөңі  
Жетекшісінің аты-жөні  
Облыс, қала, аудан, ауыл атауы  
Білім беру мекеменің атауы  
Байқау атауы «ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА»
Телефон номері (мұғалім, оқушы, ата-ана)  
Сапалы түрлі-түсті ¾ фотосы  

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз